» » УІШІП ЖҮРГЕН ЖОҚПЫЗ БА?

УІШІП ЖҮРГЕН ЖОҚПЫЗ БА?

Бүгінде дүкен сөрелерінде қызылды-жасылды түрлі энергетикалық сусыннан көз сүрінеді. Көше бойы да сол сусындардың қаңылтырынан көз ашпайды. Жалпы, біз өзі не ішіп жүрміз?
Жаз басталса ішетініміз энерге­ти­калық сусындар. Тіпті көктем мен күзде, қыста да сұранысын жоғалтпайды. Ал оның «у» екенінен хабарымыз бар ма? Сауда орнына бара қалсаң олардың жеті атасын көресің. Түрлі-түсті бұл шөлқандырардың ағзамызға әсері қандай? Білетініміз жылына әлемде бірнеше мыңдаған адам осы сусынның зиянынан қайтыс болады екен. Жаз мезгілінде сусынның нағыз сау­дасы қызатын кез. Әсіресе, күн ыстықта шөлдеген адамның салқын сусынға деген тәуелділігі арта түседі. Ағзаның 60 пайызын су құрайтыны белгілі. Ендеше бойдағы тепе-теңдікті сақтау үшін күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұру қажет. Дегенмен, табиғи сусындар мен құрамында түрлі қоспалары бар жасанды сусындардың айырмашылығы үлкен. Табиғи шикізаттар негізінде дайындалған сусындарға су, сүт, минералды сулар, көкөніс пен жеміс-жидектердің шырындары, сонымен қатар, ерекше өңдеу арқылы алынған толық табиғи сусындар, яғни қымыз, айран, шұбат, шай, кофе, какао, морс, квас, қышқыл шилерді жатқыза аламыз. Бұл сусындармен шөліңізді қандыруға әбден болады. Ал, құрамында қоспасы көп, тәттілігі басым сусындар салқындық ләззатын бергенімен, адамды одан әрі шөлдете береді, шөлдете береді. Содан кейін, сол адамның энергетикалық сусынға деген тәуелділігі артады.
Бүгінгі сатылымда шөліңді әп-сәтте басып, сергітетін түрлі энергетикалық сусынның саны артқан. «Горилла», «Диззи», «Ред Булл», «Биорн» секілді сусындарды іше қалсаңыз расында шөліңіз басылып, сергіп қаласыз. Адам ағзасын лезде үйіріп әкететін бұл сусынның не құдіреті бар деуіңіз мүмкін. Энергетикалық сусынның бір бөтелкесі бір күндік қажетті витаминдердің дозасын құрайды екен. Сондықтан оны тәулігіне біреуден артық ішпеген жөн. Сусынның құрамындағы глюкоза қанға тез сіңіп, оттекке байытылған қанмен миға және бұлшықеттерге көмірсутектер жеткізеді. Алайда, оның зиянды жағын айтпаса да белгілі. Дәрігерлердің айтуынша, бұл сусындардың құрамындағы әртүрлі химиялық қоспалар орталық жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр ауруларына шалдықтыратын көрінеді. Көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын энергетикалық сусындарды жиі тұтыну тахикардия, қант диабеті, психомотрлық қозу, жоғары дәрежедегі невроз, күйзеліс сияқты ауыр дерттерге душар етуі ықтимал. Сондай-ақ, қатерлі ісік пен еркектердің белсіздікке ұшырауына да әсер етеді екен.
Газдалған тәтті сусынның кері әсерін анықтаған мамандар да дабыл қағуда. Себебі, өндірушілер өнімнің өтімділігін арттыру үшін оған түрлі табиғи қоспаларды қосады. Заң бойынша мұндай қоспаларды белгіленген нормамен ғана қосуға рұқсат еткен. Алайда, газдалған сусынды көп мөлшерде қолдану қатерлі ісікке әкеп соғады. Семіздіктің де басты себепшісі. Шетелдік ғалымдар, «Кока-Коланың» ағзада калий жетіспеушілігін тудыратынын анықтапты. Калий жетіспеушілігінің ұзаққа созылуы мүге­дектікпен аяқталуы да ғажап емес. Хал­қының денсаулығына алаңдаған бір­қатар елде бүгінде энергетикалық, газдалған тәтті сусындарды сатуға тыйым салған.
– Бұл сусын Франция мен Норвегияда ресми түрде рұқсат етілмеген дәрі ретінде тек дәріханада сатылады. Энергетикалық сусындар ағзаны тек энергиямен қамтамасыз етеді. Сусында ешқандай энергия жоқ, ол тек энергия қоздырушысы. Яки, біз өз энергия қорымызды пайдаланамыз, қысқаша айтқанда, энергияны өзімізден аламыз. Алайда ерте ме, кеш пе мұны шаршағандық, ұйқысыздық, ашушаңдық түрінде қайтаруға тура келеді. Жылына 180 мыңнан аса адам осы сусындарды пайдаланғаннан көз жұмады. Ал, біздің бақылауымызда әлі мұндай белгімен сырқаттанған адам кезікпеді, – дейді амбулаториялық емханалық қызметі бар аудандық аурухананың дәрігері Наурызбай Қаршығаұлы.
Өзгенің қаңсығын таңсық қылатын әдетімізді қашан қоямыз? Бұл әдеттен қалай арыламыз? Әрбір адам үшін өз жанының саулығы маңызды. Сол үшін денсаулығымызға жауапты өзіміз екенін естен шығармайық!
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
02 қазан 2018 ж. 2 790 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031