Топ-баннер
» » Ұлыбританияда энергетикалық сусындар сатылымына тыйым салынбақ

Ұлыбританияда энергетикалық сусындар сатылымына тыйым салынбақ

Ұлыбританияда энергетикалық сусындар сатылымына тыйым салынбақ
Есірткі секілді энергетикалық сусындар да адам денсаулығына зиянды.
Осыны түсінген Ұлыбритания үкіметі мұндай өнімдерді кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салмақ. Сарапшылардың айтуынша, оның құрамында қант пен кофеиннің мол болуы жасөспірімдердің денсаулығы мен мінез-құлқына кері әсер етеді. Семіздік пен тіс эмалінің бұзылуымен қатар энергетикалық сусындарды шамадан тыс ішкеннен ұйқылары бұзылып, бас ауруына әкеледі. Ресми мәлімет бойынша, Ұлыбританияда жасөспірімдер энергетиктерді еуропалық құрдастарынан 50 пайызға көп тұтынады екен. Бір литр өнімінде кофеиннің үлесі 150 милиграмнан асатын сусындарға тыйым салынады.
Заң күшіне енгеннен кейін, тұтынушының жасын анықтауға мүмкіндік болмайтындықтан, сауда автоматтарында энергетиктер сатылмайды. Бұл шектеу тек Англия аумағында күшіне енеді. Ал Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландияда бұл мәселе ұлттық әкімшіліктерінің құзырында қалады. 
24.kz


31 тамыз 2018 ж. 2 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 557
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 357

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031