» » 100 жаңа есім: Сан қырлы Сымбат

100 жаңа есім: Сан қырлы Сымбат

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, сырбойылық ару Сымбат Абдрахманованың білім беру ұйымдарында жас өскін танымын кеңейтіп, сөздік қорын молайтуға арналған «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» сынды әдістемелік құралдары кең қолданыста. Қызылорданың 200 жылдығына арнап туған өлкесінің тарихы мен географиялық ерекшеліктері суреттелген «Сиқырлы кілт» мультфильмін тарту етті.

2018 жылы «Жыл патриоты» номинациясын алды. 
С.Абдрахманова тілінде мүкістігі бар балаларға арналған 10-нан аса мультфильмдердің авторы, ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған талантты жас. Сондай-ақ «Компьютерлік психодиагностика» атты жасөспірімдер арасындағы психологиялық өзгерістерді анықтауға арналған жобаның авторы.
Сымбат-парсы тілі мен әдебиетінің маманы. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін парсы тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Сымбат 2008 жылы парсы тілі бойынша Орта Азиялық олимпиадада І орын алған. «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналының редакция алқасының мүшесі.
Сымбат-ілеспе аудармашы. 2007-2009 жылдары Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінде аудармашы қызметін атқарды. 2009-2011 жылдары «ілеспе аудармашы» мамандығы бойынша магистратурада білімін шыңдады. Сымбат Нұртазақызы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінің Құрмет грамотасына ие болды. Қазақстанда ешбір аудармашы әлі ондай марапатқа ие болмаған.
Сымбат-аниматор. Жас бүлдіршіндер үшін мұндайда мультфильмдердің орны бөлек. Осындай танымдық фильмді жерлесіміз психолог Сымбат Әбдірахманова жасап жүр. Сымбат ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған дамытушы мультфильмдер құрастырады. Және ол баланың ақыл-ойын дамытуға арналған мультипликациялық өнімдердің қазақ тілінде дайындалуына күш салып отыр. Бүгінде арнайы дайындалған мульфильмдерді кез-келген тұрғын облыстық білім басқармасының Ютуб каналына өту арқылы жүктеп, қолдана алады.
Сымбат-психолог. Болашақ университетінде «Педагогика психология» мамандығы бойынша білім алған. Сымбат Нұртазақызының логопедтерге арналған, психологтарға арналған бірнеше жобасы бар.
Сымбат республикада алғаш енгізілген «Кәмелетке толмағандар арасындағы қиындықтың алдын алу» жобасының үйлестірушісі, ұйымдастырушысы. Жоба жұмысы жақсы нәтиже бергендіктен, арнайы шақыртумен 2016 жылы Испания мемлекеті, Овьедо қаласында өткізілген 16-шы Европалық симпозиумында Қазақстаннан тұңғыш баяндама жасап, өз тәжірибесін әлем сарапшыларымен бөлісіп қайтты.
Сан қырлы Сымбаттың психология саласындағы еңбек, жетістіктері де аз емес. Сондай-ақ, «Компьютерлік психодиагностика» атты жасөспірімдер арасындағы психологиялық өзгерістерді анықтауға арналған жобаның авторы. ЮНИСЕФ «Кәмелетке толмағандар арасындағы қиындықтың алдын алу» бағдарламасының үйлестірушісі (2015-2016 жж.); ЮНИСЕФ бағдарламасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы қиындықтың алдын алу» ұлттық мастер-жаттықтырушысы (2017); «Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын нығайту» атты 1-ші халықаралық конференцияның спикері (2018); «Жасөспірімдердің психикалық денаулығын нығайту» бағытындағы Оңтүстік Африка республикасы Кейптаун қаласында 2019 жылы өткен БҰҰ балалар қорының халықаралық сарапшылар отырысының қатысушысы.
Сымбат-тележүргізуші. Кейіпкеріміздің келесі қыры- Қызылорда облыстық телеарнасында «Психологтың консультациясы» бағдарламасының жүргізушілігі. Көрермендерге психологиялық тұрғыдан кеңес, ақпарат беріп отыратын Сымбат көмекке мұқтаж жандарға өмірден өз орнын табуға, эмоционалдық жағдайдан шыға білуге, стресті жеңуге маман ретінде септігін тигізіп отырады.
Сымбат-аяулы жар, ардақты ана. Отбасында аяулы жар, ардақты ана Сымбат жары Дарханмен бірге үш перзент тәрбиелеп отыр. Ата ененің қолындағы келін.
09 наурыз 2020 ж. 1 016 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031