» » «АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» – ӨМІР ТАЛАБЫ

«АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» – ӨМІР ТАЛАБЫ


    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы үшінші бағытқа арналған «Ақылды технологиялар – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» атты  әңгіме сұхбат  өтті.    Жолдауда айқындалған мақсат-міндеттер сараланған басқосуға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің инженерлі технологиялық  факультеттінің аграрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Б.Қуанышбекқызы, Н.Шайқысұлтанұлы және  ғылымға өз үлестерін қосып жүрген ҚМУ-нің инженерлік зертхана қызметкерлері Ұ.Абдіманапқызы, И.Дауренқызы, Р.Ахметқанұлы және ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген С.Нұртазақызы, түрлі деңгейдегі белестерді бағындырып жүрген  Жапония еліндегі роботтар сайысына қатысып алғашқы  «Ақтөс» роботын жасап шығарған ҚМУ-нің «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының магистранты Н.Әділжан, Business Start иновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі Ж.Оразмаханов қатысты. Олар Жолдауда айтылған үшінші бағыт «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытудың қазіргі кезде қажеттілігі аса жоғары екендігін, Қазақстанға жаңа әлемнің көшбасшысы қатарына кіру үшін жастар тарапынан қандай істер жасалу керектігіне кеңінен тоқталып, өзекті мәселелерді жаңа технологияларды пайдалану арқылы шешу жолдары туралы пікір алмасты.

26 ақпан 2018 ж. 1 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930