» » Бала тілін сындырудағы «Балапанның» рөлі

Бала тілін сындырудағы «Балапанның» рөлі

Көк жәшікке қарап бой түзейміз, жағымсыз қылық көрсетсе, үйреніп аламыз. Қысқасы, сондағыны айна-қатесіз қайталайтын адам баласымыз. Балалық шағы 2000 жылдарға дейін өткендер білсе керек, теледидардан күн құрғатпай «Черепаха Нинзя», «Ну, погоди», «Том и Джерри» сынды, одан бөлек Кеңестік кезеңнің мультфильмдері беріліп тұратын. Бұл қазақтың балаларға арналған дүниесінің болмауынан емес, ол уақытта қазақы ертегілер мен балаларға арналған қойылымдар жинақталу үстінде болған, бәлки?! Бұл күнде «Балапанға» қарап бой түзейтін балдырған пайда болды. Қуанамыз. Ал басқа арналар бала арманынан бей-жай қарай ма?! Неліктен?
Қазақы ертегілердің өзін тағылымы мол мультфильмге айналдырған бүгінгі режиссураның еңбегі орасан. Жастайынан суға салса батпай тын, отқа салса жанбайтын қазақы «терминаторлар» туралы ертегіні ұйып тыңдап өскен бүгінгі ұрпақ шетелдің фантастикалық суреттемелерінен қазақы үлгіге көшкен-ді. Өйткені, «Балапанның» алдына қаз-қатар тізіліп, қарап отырған балақайларды көп көретін болдық. Бір түрлі көңілің жылып қалады. Неге дейсіз ғой. Жауап іздеу үшін алдымен бүгінгі баламен тілдесіп көріңіз. Олардың сөздік қолданысындағы «әке», «апа», «анашым» деген сөздерді естігенде әдепкіде құлағымызға таңсық болғаны жасырын емес. Несін бүркейік, «папа», «мамамен» өстік қой. Ұлттық болмысымызға бет түзеп, балаларымыздың тілін сындырған «Балапанға» мың алғыс. Әйткенмен, басқа арналардың ұлттық мүдде бағытындағы миссияға қырын қарап жүргені ме?! Көкейдегі сауал осы.
– Мультфильмдер бұрын әрбір арнадан көрсетіліп тұратын. Тіпті, «Балаларға базарлық» деген айдармен арнайы шығарылатын. Қазір тек «Балапанға» көз тіктік. Сонда баланың жайын басқалар ойламайтын болғаны ма? Мультфильм баланың тіл байлығын молайтып, есте сақтау қабілетін дамытатын құрал. Бұл әлдеқашан дәлелденген, - дейді Марал Төребаева есімді ата-ана.
Рас, тілді дамытуға арналған зор маңызға ие құрал. «100 Жаңа есім» жобасының жеңімпазы қызылордалық Сымбат Әбдірахманова бұл мәселемен 2014 жылдан бері айналысып келеді. Аудармашы, психолог маман қазір арнайы мультфильмдер шығарумен айналысады. Ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған жас маман ретінде танылған Сымбат бұл идеяның балаларға қарап отырып туындағанын жеткізді.
– Өзімнің балаларым ютуб желісінен орыс тіліндегі мультфильмдерді көреді. Кейінірек байқадым, олар балабақшада да өзара орыс тілінде сөйлеседі екен. Бұл – ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан ауқымды мәселеге назар аудару керек болды. Бұдан бөлек -ш, -р дыбыстарын айта алмайтын балалар бар. Тілінің мүкістігі бар балғындарды жастайынан қолға алмасақ, олар өсе келе қоғамнан өздерін оқшаулай бастайлы. Қазіргі таңда тіл дамытуға байланысты мультфильмдерім мектепке дейінгі ұйымдарда, арнайы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын орындарда қолданылып келеді. Әрбір туындымды қолданып жатқанын көрген сайын қуанышым арта түседі. Сонымен қатар, түсті үйрететін арнайы мультфильмдерім де қолданыста, - дейді мультфильм құрастырушы Сымбат Әбдірахманова.
Сымбат Әбдірахманова өзінің осы өнертабысы арқылы «Қазақстандық 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанды. «Отпен ойнама, балақай» атты мультфильмі отандық «Балапан» телеарнасынан көрсетіліп жүр. Ал таяуда ғана ол «Сиқырлы кілт» атты жобаны қолға алды. Оның нәтижесінде аймақ балғындары туып-өскен өлкесін, Сыр бойынан шыққан тұлғаларды танып-біледі. Жобаның негізгі мақсаты да – сол.
– Жасым отызға келсе де, мен көп тұлғаларды білмейді екенмін. Арайлы Ақмешіттің әрбір өлкесін, тұлғаларын кейінгілерге үйретіп жүріп, өзім үйреніп жүрмін, – деді Сымбат Әбдірахманова.
Түйін.
Балалар әдебиеті де мақтауға тұрарлық деңгейде емес. Таяуда ғана жалағаштық Қуат Ахетовтің «қосқан үлесім» деп тыраштанған шығармасы да көңілге кішкене бір үміт сәулесін жаққандай болды. Нәсіреддин Сералиевтің ізін басқандар тым аз. Онан кейін заманауи құрал мультфильмнің пайдасы шаш етектен екенін көре тұра бармаймыз. Әйтеуір, қолымызды мезгілінен кеш сермемесек жарар. Психолог С.Әбдірахманова жасаған қадамның игілігіні көріп те жүрміз. Бастысы, ұлт мұратына жету жолындағы ізгі қадамдарды бесіктен бастағанның жөн екенін ұғынсақ игі.
Дәулет ҚЫРДАН,
«Қармақшы таңы».
17 шілде 2018 ж. 2 072 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031