» » АУДАНДЫҚ АЯҚДОПШЫЛАР АЛАМАНЫ

АУДАНДЫҚ АЯҚДОПШЫЛАР АЛАМАНЫ

Жастар жылы аясында жер-жерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – ақпанның 17-сінен бастау алып, 12-мамырда мәресіне жеткен шағын футболдан өткен аудан біріншілігі. Соған сәйкес, жексенбіде аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Оны  «Қармақшы аудандық футбол федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділ Қошалақов жүргізді.
Өңірде футбол спортын дамыту, бұқаралық спорттың белсенділігін арттыру, сондай-ақ саламатты өмір  салтын қалыптастыру мақсатында ұйым­дастырылған аяқдопшылар жарысына 8 команда қатысып, намысты қолдан бермеді.
Сонымен, аталған футбол біріншілігінде аудандық емхана командасының қақпашысы Сағындық Боранбаев «Үздік қақпашы», №250 мектеп-лицей командасының қорғау­шысы Марат Әлжанұлы «Үздік қорғаушы», жастар командасының шабуылшысы Айбек Шамшадинов «Үздік шабуылшы» және №16 спорт мектебінің ойыншысы Рахат Сұлтанбеков «Үздік сұрмерген» номинациясына ие болса, халыққа қызмет көрсету орталығы командасының ойыншысы Қабанбай Арғынбаев «Үздік ойыншы», аудан әкімдігі командасының ойыншысы Жеткерген Қалымбетов «Ең үздік гол салған ойыншы» номинациясымен марапатталды. Турнирдің кезекті кестесіне сай, ІV орын мен 30 мың теңге сыйақыны №16 спорт мектебі командасы қанжығасына байласа, үздік үштікті аудандық емхана командасы түйіндеп, 40 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды. Жүлделі ІІ орын мен 60 мың теңге сертификатты «Жаңа Халық» командасы жеңіп алса, І орынға, сондай-ақ 100 мың теңге ақшалай сыйақыға үздік ойын үлгісін көрсете білген №15 спорт мектебінің командасы лайық деп танылды.
Рәсімде футбол спортының жанашырлары Жеткерген Қалымбетов, Нұрбол Мырзабаев өз ұсынысын ортаға салса, Нұрбол Үсенов команда жеңіп алған қаржылай сыйақыны оразамен бірге келіп отырған қайырымдылық шарасына жұмсайтынын жеткізді. Мұнымен бірге, федерация төра­ғасының орынбасары Самат Қожабаев ризашылығын білдіріп, барлық қатысушыға алғысын айтты.  
– Бұл – үстіміздегі жылғы ақпан айында заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен қоғамдық бірлестіктің негізгі міндеті – айтулы спорт түрін дамыту болса, бір есептен облыс біріншілігіне ауданнан мықты команда жасақтап шығару. Үш айдан аса уақытқа созылған командалар сайысы жоғары жетістікті көрсетті. Келешекте де лига жалғасын табады. Сөз ретінде жарысқа демеушілік еткен ауданның бірқатар шаруа­шылық басшылары Орынбасар Төле­пов, Нұрлан Іздібаев, Милияр Арифов, Нұржан Пірмантаев, Жомарт Жалғасбаевқа және жеке кәсіпкер Алмат Сүлейменовке алғысымыз шексіз, – дейді федерация төрағасы Ә.Қошалақов.
Спорт – елдің абыройы мен мерейі. Ұлт­тың денсаулығында да бәсекелестікті қалып­тастыратын бірден-бір фактор әрі символикасы. Бірлік пен татулықты насихаттайтын құрал. Сол себептен де бұқаралық спортты жетілдіре түсу – осындай аламаннан бастау алмақ.  
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».   
14 мамыр 2019 ж. 1 489 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031