» » «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толуына орай футболдан аудандық ашық біріншілік болып өтті.


Жарыстың қорытынды кезеңінде сөз алған «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Боханов Дастан Аяғанұлы партияның жиырма жылдық мерейлі мерекесінде өткізіліп отырған шараларға тоқталып, жарыс жеңімпаздарын марапаттады.
Аудандық ашық біріншілікке жалпы 13 команда 120 спортшы қамтылды. Жарыс қорытындысымен І орынды - №250 мектеп-лицейінің командасы, ІІ орынды - №26 орта мектебінің командасы, ІІІ орынды - №30 орта мектебінің командасы иеленді.
Сонымен бірге «Үздік ойыншы» номинациясымен - №30 орта мектебінің ойыншысы Сұлтанбеков Рахат, «Үздік шабуылшы» номинациясымен – «Рай больница» командасының ойыншысы Көкеев Жасұлан, «Үздік қорғаушы» номинациясымен – №250 мектеп-лицей командасының ойыншысы Жунусов Сабихан, «Үздік қақпашы» номинациясымен – «Рай больница» командасының ойыншысы Боранбаев Сағындық, «Үздік сұрмерген» номинациясымен – №183 орта мектебінің ойыншысы Мергенбаев Берікбол марапатталды.
Үздік деп танылған спортшылар мен жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен партия кубогі табысталды.

29 қаңтар 2019 ж. 1 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10448)

21 қазан 2025 ж.

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 706
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 444

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031