Жас спортшы – ел мақтанышы
Спорт – адамды шыңдайтын, жігер мен табандылыққа тәрбиелейтін үлкен мектеп. Осындай қасиеттерді бойына сіңіріп, спортта биік белестерді бағындырып жүрген жас спортшыларымыздың бірі – Шаймаханова Гүлсезім Ерзатқызы.
Гүлсезім Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. Бүгінде №250 мектеп-лицейінің 10-сыныбында білім алып жүрген жас спортшы гандбол спортымен шұғылданып, өзінің алғырлығымен, қайсарлығымен және жеңіске деген жігерімен ерекшеленіп келеді.
Ол 2011 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында гандбол спортынан күміс жүлдегер атанып, өзінің спорттық шеберлігін дәлелдеді. Бұл жетістік – тынымсыз жаттығу мен табанды еңбектің, бапкерлерінің бағыт-бағдарының және жеңіске деген сенімнің нәтижесі.
Жас спортшының бұл жеңісі – өзі білім алып жүрген мектебі мен туған өлкесі үшін үлкен мақтаныш. Гүлсезімнің жетістігі қатарластарына үлгі болып, спортқа қызығатын жас ұрпаққа жігер берері сөзсіз.
Жеңіс жолы жалғасын тапсын! Гүлсезімге алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыс пен жаңа биіктер тілейміз! Еліміздің мерейін асырып, көк туымызды биікке көтере берсін!















