» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ IІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ IІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Қармақшы ауданында мектеп оқушылары арасында аудандық спартакиаданың IІ кезеңі өткізілді. Аталған спорттық іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ достық пен ынтымақтастықты нығайту.
Спартакиада барысында мектеп оқушылары спорттың бірнеше түрінен бақ сынап, өздерінің спорттық шеберліктері мен командалық бірліктерін көрсетті. Қатысушылар арасында тартысты бәсеке өрбіп, жеңіске деген жігер мен спорттық рух айқын байқалды.

ЖАРЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР:

ГАНДБОЛ – ҚЫЗДАР АРАСЫНДА: I орын – №250 мектеп-лицейі, II орын – №80, №85 мектептері (5-аймақ), III орын – №109, №108 мектептері (2-аймақ)

ГАНДБОЛ – ҰЛДАР АРАСЫНДА: I орын – №269 орта мектеп, II орын – №272, №277 мектептері (6-аймақ), III орын – №109, №108 мектептері (2-аймақ)

ФУТБОЛ – ҚЫЗДАР АРАСЫНДА: I орын – №279 мектеп-лицейі, II орын – №106, №107 мектептері (2-аймақ), III орын – №250 мектеп-лицейі

ФУТЗАЛ – ҰЛДАР АРАСЫНДА: I орын – №279, №80 мектептері (5-аймақ), II орын – №183, №250 мектептері (2-аймақ), III орын – №272, №273, №274, №277 мектептері (6-аймақ)

ШАХМАТ: I орын – №273, №277 мектептері (6-аймақ), II орын – №121, №79 мектептері (3-аймақ), III орын – №279 мектеп (5-аймақ)

Спартакиада – өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулитын, спорттық шеберлікті шыңдайтын және жас спортшылардың қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды іс-шара.

19 қазан 2026 ж. 63 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 094
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 301

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031