» » Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз»

Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз»

Мектеп оқушылары арасында «Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз» атты ұлттық спорт түрлерінен дәстүрлі аудандық спартакиадасы

Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылындағы денешынықтыру пәні бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 28 ақпан күні №26 мектеп базасында мектеп оқушылары арасында «Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз» атты ұлттық спорттық ойын түрлерінен аудандық спартакиада жарысы өткізілді. Аудан бойынша 30 мектептер 6 аймаққа бөлініп, әр мектептен ең мықтылары бақ сынасып, жарысқа жалпы 1050 оқушы қатысты.

Ұлттық ойындар спорттың 11 түрлерінен өткізіліп қорытындысы бойынша:
Гір тасын көтеру сайысында І орын №186 мектеп командасы, ІІ орын №108 мектеп командасы, ІІІ орын №105 мектеп-лицейінің командасы иеленді.

Тоғызқұмалақтан І орынды №85 мектеп командасы, ІІ орынды №113 мектеп командасы, ІІІ орынды №111 мектеп командаларының оқушылары иеленді.
Ләңгі тебу сайысында І орын №106 мектептің командасы, ІІ орынды №85 мектеп командасы, ІІІ орынды №26 мектеп командасы иеленді.
Бес асық сайысында І орын №107 мектеп командасы, ІІ орын №269 мектеп командасы, ІІІ орын №274 мектеп командасы иеленді.
Мергендер сайысы І орын №279 мектеп командасы, ІІ орын №107,108 мектептерінің құрама командасы, ІІІ орынды №26 мектеп командасы иеленді.

Жаяу жарыс сайысы бойынша І орынды №30 мектеп командасы, ІІ орынды №109 мектеп командасы, ІІІ орынды №121 мектеп командасы иеленді. Шоқпарласу сайысында І орын №107,108 мектептерінің құрама командасы, ІІ орын 6 аймақтың командасы, ІІІ орын №4 аймақ командасы иеленді.
Қол күресі сайысында І орын №4 аймақтың командасы, ІІ орын №6 аймақтың командасы, №2 аймақтың командасы.

Асық ату сайысында І орын №183 мектеп командасы, ІІ орын №109 мектеп командасы, ІІІ орын №185 мектеп командасы.
Бұқа тартыс сайысында І орын №2 аймақтың командасы, ІІ орын №6 аймақтың командасы, ІІІ орынды №4 аймақтың командасы иеленді.
Арқан тарту сайысында І орын №273 мектеп командасы, ІІ орын №269 мектеп командасы, ІІІ орынды №107,108,109 мектептерінің құрама командасы иеленді. 

 Жалпы командалық есепте:
І орын 2 аймақтың №106, 107, 108, 109 мектептерінің құрама командасы, 
ІІ орынды 4 аймақтың №30, 105, 113, 183, 250 мектептерінің құрама командасы,                                                                              
ІІІ орынды 5 аймақтың №80, 85, 99, 269, 279 мектептерінің құрама командалары иеленді. 

Барлық жүлделі орындарды иеленген командалар аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.
02 наурыз 2025 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 930
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 625

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930