Топ-баннер
» » МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлерді еске алу мақсатында мектеп оқушылары арасында аудандық дәстүрлі спартакиада ұйымдастырылды.

Спартакиада 19–21 ақпан күндері Жолдыбаев және Мүсіркегенов көшелерінде орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті. Жарыстар спорттың 9 түрінен өткізілді.

Спорттық шараның негізгі мақсаты:
– Ауғанстан жерінде қаза тапқан жерлестеріміз Н.Айсауытов, Ә.Өміров, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды еске алу;
– салауатты өмір салтын насихаттау;
– аудан жастары арасында спорттың бұқаралығын арттыру;
– мектеп оқушыларын отансүйгіштік рухта тәрбиелеу;
– жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру.

Жарыс нәтижелері гір тасын көтеру ІІІ орын №113 орта мектеп, ІІ орын №30 орта мектеп, І орын №26 орта мектеп.

Қол күрестен ІІІ орын №183 орта мектеп, ІІ орын №30 орта мектеп, І орын №250 мектеп-лицей.

Бес асықтан ІІІ орын №105 мектеп-лицей, ІІ орын №30 орта мектеп, І орын №26 орта мектеп.

Асық атудан ІІІ орын №121 орта мектеп, ІІ орын №250 мектеп-лицей, І орын №183 орта мектеп.

АК-74 қаруын оқжатармен жарақтаудан ІІІ орын №113 орта мектеп, ІІ орын №27 орта мектеп, І орын №250 мектеп-лицей.

АК-74 қаруын бөлшектеп-жинақтаудан ІІІ орын №30 орта мектеп, ІІ орын №250 мектеп-лицей, І орын №27 орта мектеп.

Үстел теннисінен ІІІ орын №26 орта мектеп, ІІ орын №30 орта мектеп, І орын №105 мектеп-лицей.

Волейбол (қыздар): ІІІ орын №105 мектеп-лицей, ІІ орын №250 мектеп-лицей, І орын №26 орта мектеп.

Волейбол (ұлдар): ІІІ орын №113 орта мектеп, ІІ орын №121 орта мектеп, І орын №26 орта мектеп иеленсе.

Жалпы командалық есеп бойынша 9 орын – №183 орта мектеп (20 ұпай), 8 орын – №284 мектеп-лицей (26 ұпай), 7 орын – №121 орта мектеп (28 ұпай), 6 орын – №27 орта мектеп, 5 орын – №113 орта мектеп (49 ұпай), 4 орын – №105 мектеп-лицей (50 ұпай), 3 орын – №250 мектеп-лицей (52 ұпай), 2 орын – №26 орта мектеп (53 ұпай), 1 орын – №30 орта мектеп (58 ұпай) жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің арнайы дипломдары, медальдары және кубоктарымен марапатталды.

Бұл спартакиада жас ұрпақты ерлік пен елжандылыққа тәрбиелеп, батыр жерлестеріміздің рухына тағзым етуге бағытталған тағылымды шара болды.

28 ақпан 2026 ж. 73 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 512
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 335

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728