Қармақшы ауданында мектеп оқушылары арасында аудандық спартакиаданың I кезеңі өтті
2026 жылғы 15 қыркүйекте Қармақшы ауданында мектеп оқушылары арасында аудандық спартакиаданың I кезеңі өткізілді.
Аталған спорттық шара оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыру және достық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.Спартакиада барысында мектеп оқушылары спорттың бірнеше түрінен бақ сынап, командалар арасында тартысты әрі қызықты бәсеке өрбіді.
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР
I орын – 4-аймақ (№105 мектеп)
II орын – 5-аймақ (№99, №279, №85 мектептер)
III орын – 3-аймақ (№26 мектеп)
БАСКЕТБОЛДАН ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР
Ұлдар арасында: I орын – 6-аймақ
II орын – 5-аймақ
III орын – 4-аймақ
Қыздар арасында:
I орын – 5-аймақ
II орын – 6-аймақ
III орын – 2-аймақ
ВОЛЕЙБОЛДАН ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР
Ұлдар арасында: I орын – 6-аймақ (№277, №274 мектептер)
II орын – 3-аймақ (№26, №284 мектептер) III орын – 1-аймақ (№29, №28 мектептер)
Қыздар арасында:
I орын – 3-аймақ (№26, №27 мектептер)
II орын – 6-аймақ (№272, №274, №277, №273 мектептер)
III орын – 5-аймақ (№80 орта мектеп)
Аудандық спартакиада – өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулитын, спорттық шеберлікті шыңдайтын, командалық рух пен достық қарым-қатынасты нығайтатын маңызды спорттық шара.















