ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ ВОЛЕЙБОЛ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ!

Бүгін Қармақшы аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», ардагер ұстаз Бекқадам Әлиасқар Әбілтайұлының жарқын бейнесін мәңгі есте сақтау мақсатында мектеп мұғалімдері арасында волейболдан аудандық біріншілік өткізілді.
Аталған спорттық додаға ауданның 6 аймағынан келген мұғалімдер командалары қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс барысында командалар жоғары дайындықтарын, ұйымшылдықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Тартысты әрі қызықты өткен ойындар көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Пікір қалдыру














