» » Ұстаз есімі ұлықталған жарыс

Ұстаз есімі ұлықталған жарыс

Жақында №199 орта мектепте «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», ардагер-ұстаз Әлиасқар Әбілтайұлын еске алуға арналған волейболдан білім саласы қызметкерлері арасында турнир өтті.
Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып жатқан турнирдің ашылу салтанатына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаев арнайы қатысты. Олар ұзақ жылдар бойы білім саласында ұстаздық етіп, ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңірген ардақты ел ағасының өнегелі өмір жолдарынан естеліктер айтып, турнирді ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Ел ағасының есіміне ұйымдастырылған турнир нәтижесі бойынша І орынды №199 мектеп қанжығасына байласа, жүлделі ІІ орынға №105 мектеп-лицейі жайғасты. Ал ІІІ орынды №284 мектеп-лицейінің мұғалімдері иеленді. Жеңімпаз командаларға ұстаз ұрпақтары атынан бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етілді. Сонымен қатар ардагер-ұстаздың ұрпақтарына тағылымы мол тәрбиелі іс-шараны ұйымдастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығын нығайту және білім беру саласындағы ұстаздар қауымына көрсетілген қолдаулары үшін білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мәжитқызының алғыс хаты табысталып, Әлиасқар Әбілтайұлының жары Дәмелі анамызға да сый-құрмет көрсетілді.
А.САҒЫНТАЙ
16 мамыр 2024 ж. 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930