» » Волейболдан білім саласы қызметкерлері арасында турнир өтті

Волейболдан білім саласы қызметкерлері арасында турнир өтті

qarmaqshy-tany.kz Бүгін Жосалы ауылдық округінде «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», ардагер ұстаз Бекқадам Әлиасқар Әбілтайұлын еске алуға арналған волейболдан білім саласы қызметкерлері арасында турнир өтті.
Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы қатысып, ұзақ жылдар бойы білім саласында ұстаздық етіп, ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңірген ардақты ел ағасының өнегелі өмір жолына тоқталып, турнирге қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз алып, Әлиасқар Әбілтайұлының ел дамуына қосқан ерен еңбегі мен өнегелі жолын барша жұртшылыққа дәріптеу керектігін тілге тиек етті.
Бекқадам Әбілтайұлы 1966 жылы «Жосалы» кеңшары құрылғанда осы ауылдағы №199 мектепке директор болып тағайындалып, зейнет демалысына шыққанға дейін білім саласында ұстаздық еткен.
Ұзақ жылғы ұстаздық еңбегі бағаланып, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, басқа да мақтау грамоталары, алғыс хаттармен марапатталған.
Ардагер ұстаз зейнетке шыққаннан кейін де ауыл ақсақалдары кеңесінің төрағасы болып, ауылдың рухани-әлеуметтік дамуына белсене араласып, ел құрметіне бөленген.
Ұстаз есімі ұлықталған спорттық додаға аудан бойынша 6 команда бақ сынап, тартысты ойын көрсетті.

13 қаңтар 2023 ж. 922 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 062
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031