» » Қара шаңырақты "Қызғалдақ" балабақшасына - 60 жыл!

Қара шаңырақты "Қызғалдақ" балабақшасына - 60 жыл!

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында мектепке дейінгі білім және тәрбие беруде өзіндік үлесі бар №8 «Қызғалдақ» балабақшасының 60 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Аталмыш шараға аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов қатысып, ауыл тұрғындарын, ұжым мүшелерін мерейтоймен құттықтап, ақжарма тілектерін білдірді.
Сондай-ақ мерейлі шара барысында балауса бүлдіршіндердің әні мен биі жарасым тауып, көпшілік қауымды қуантса, балабақша ұжым мүшелерінің қолөнер бұйымдарынан жасалған көрме ұйымдастырылды.

Сонымен қатар аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы осы салада ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған, №8 «Қызғалдақ» балабақшасының білікті басшысы, қазіргі күні зейнет жасындағы ұлағатты ұстаз, ардақты ана Қаражанова Жанаркүл Байназарқызын Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттап, ардагер ұстазға құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табыстады.
30 қазан 2022 ж. 1 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 535

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930