Құрылтай
» » Ұстаз есімі ұлықталған спорттық шара ұйымдастырылуда

Ұстаз есімі ұлықталған спорттық шара ұйымдастырылуда


Қармақшы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты №199 орта мектеп базасында «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», ардагер ұстаз Бекқадам Әлиасқар Әбілтайұлын еске алуға арналған волейболдан білім саласы қызметкерлері арасында турнир өткізілуде.

Бүгінде ұйымдастырылып отырған ІІ Дәстүрлі турнирдің ашылу салтанатына Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов және де қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гульзира Мажитқызы мен аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Мырзабаев Нұрбол арнайы қатысып, ұзақ жылдар бойы білім саласында ұстаздық етіп, ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңірген ардақты ел ағасының өнегелі өмір жолдарынан естеліктер айтып, турнирді ұйымдастырушыларға өзіндік алғыстарын жеткізді.

Ұстаз есімі ұлықталған спорттық додаға биылғы жылы 10 команда қатысып, тартысты ойын көрсетуде. Турнир барысында жеңімпаз атанған командаларға ардагер ұстаз ұрпақтары атынан бағалы сыйлықтар мен ақшалай жүлде қорлары табысталатын болады.

10 мамыр 2024 ж. 498 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 045

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31