» » Шахматтан аудандық біріншілік болып өтті

Шахматтан аудандық біріншілік болып өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында шахматтан ересектер арасында аудандық біріншілік жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Аталған жарысқа ауданымыздың білім беру ұйымдары мен мекемелерінен командалар қатысып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Біріншілік қорытындысы бойынша:
І орын – Оқушылар үйі командасы
ІІ орын – №277 орта мектеп мұғалімдері
ІІІ орын – №26 орта мектебінің мұғалімдері
Сонымен қатар, «Үздік ойын өрнегі» номинациясымен №250 мектеп-лицей командасы марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің арнайы дипломдары және медальдарымен марапатталды.
Бұл жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындар арасында зияткерлік спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын дәріптеу арқылы әділдікке, жауапкершілікке және тәртіпке тәрбиелеу. Шахмат – логикалық ойлауды дамытатын, сабыр мен стратегиялық шешім қабылдауды қалыптастыратын маңызды спорт түрі.
Осындай спорттық іс-шаралар аудан тұрғындарының бірлігін нығайтып, бұқаралық спортты дамытуға және жас ұрпақты парасаттылық пен табандылыққа баулуға зор ықпал етеді.
17 ақпан 2026 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 120
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 704

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031