» » Ардагерлері арасында шағын футболдан ашық біріншілік өтті

Ардагерлері арасында шағын футболдан ашық біріншілік өтті

Қармақшы ауданында Республика күніне орай спорт ардагерлері арасында шағын футболдан ашық біріншілік өтті.

Республика күні мерекесіне орай Қармақшы ауданында спорт ардагерлері арасында шағын футболдан аудандық ашық біріншілік ұйымдастырылды.

Жарыстың мақсаты – спорт ардагерлері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту болып табылады.

Аталған біріншілікке Қазалы, Сырдария, Жалағаш аудандарынан және Қармақшы ауданынан екі команда – Төретам кенті мен аудан орталығының командалары қатысты. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Ойын нәтижесінде жүлдегерлер төмендегідей анықталды:
І орын – Қазалы ауданы командасы
ІІ орын – Төретам кенті командасы
ІІІ орын – Жалағаш ауданы командасы

Сонымен қатар біріншілікте үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды:
• Үздік ойыншы – Медетбаев Біржан (Қазалы ауданы)
• Үздік шабуылшы – Досбаев Қайратбек (Қармақшы ауданы)
• Үздік қорғаушы – Қайранұлы Руслан (Жалағаш ауданы)
• Үздік қақпашы – Әбенов Еділбай (Сырдария ауданы)
• Үздік сұрмерген – Байшылықов Сәбитжан (Төретам кенті)

Жарыс соңында жеңімпаз және жүлдегер командаларға арнайы кубоктар мен дипломдар табысталды.
Осындай шаралар спорттың дамуына серпін беріп, жастар мен ардагерлердің белсенді өмір салтын ұстануына жол ашпақ.

22 қазан 2025 ж. 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 120
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 704

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031