Құрылтай
» » АУДАНДЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК

АУДАНДЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК

Жуырда аудандық денешынықтыру-сауықтыру кешенінде, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен баскетболдан 2012-2014 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты – аудан көлемінде баскетбол спортын дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау, жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. Команда ойыншыларының деңгейін, шеберлігін арттыру және де аудан құрама командасына ойыншыларды іріктеу.
Ашық біріншілікке 5 команда, 50-ге жуық спортшы қатысты. Тартысты дода нәтижесінде №250 мектеп-лицей командасы І орын, №105 мектеп-лицей командасы ІІ орын, №26 орта мектеп командасы ІІІ орынды иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясымен №250 мектеп-лицей оқушысы Жауқазын Шаймаханова, «Үздік қорғаушы» номинациясымен №26 мектеп оқушысы Амангүл Асылхан, «Үздік шабуылшы» номинациясымен №26 мектеп оқушысы Жансая Асылхан, «Ең көп доп салған» номинациясымен №105 мектеп оқушысы Мерей Далабекова марапатталды.
Жеңімпаздарды аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің атынан грамота және медальмен марапаттап, кубок табыстады.
Құралай АЛТАЙҚЫЗЫ
24 қыркүйек 2024 ж. 806 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 582
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 045

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31