» » БЕЛДЕСУДЕ – БІЛІКТІЛІК, ЖҮЛДЕГЕ – ЖІГЕР

БЕЛДЕСУДЕ – БІЛІКТІЛІК, ЖҮЛДЕГЕ – ЖІГЕР

Ауданымызда қазақ күресі мен дзюдо спортының дамуына үлес қосып, жас спортшыларға үлгі болған Серікбол Түлкібайұлын еске алуға арналған дзюдодан аудандық ашық турнир өтті. 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған жарысқа жалпы 200-ге жуық жас балуан қатысып, додада өз шеберліктерін сынады.
Жарыс барысында спортшылар әр салмақ дәрежесі бойынша бақ сынап, жеңіске деген жігерін танытты. Тартысты белдесулерде балуандардың физикалық дайындығы ғана емес, әдіс-тәсілді дұрыс қолдануы, жылдам шешім қабылдауы мен төзімділігі де сынға түсті. Жас спортшылар үшін мұндай бәсекелер тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.
Жарыстың өту барысына баға берген дзюдо жаттықтырушысы Ерлан Жақсыбеков турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
– Жарыс өте мықты деңгейде өтті. Биылғы турнирге шамамен 200 бала қатысып, өзара тартысты белдесулер болды. Балуандар өздерінің дайындығын көрсетіп, дзюдо күресінен жүлделі орындарға таласты. Мұндай жарыстар жас спортшылардың тәжірибе жинауына, өз деңгейін байқап, алдағы додаларға дайындалуына үлкен мүмкіндік береді, – дейді жаттықтырушы.
Қорытынды бойынша ауданымыздың жас дзюдошылары да жүлделі орындардан көрінді. 46 және 73 келі салмақта Дидар Мақсатұлы мен Ерасыл Сәбитов І орынды иеленді. Ал 42 келі салмақта Нұржігіт Бауыржан, 46 келі салмақта Нұрымжан Пернебай және +81 келі салмақта Ислам Серғали ІІІ орынға тұрақтады.
Серікбол Түлкібайұлын еске алуға арналған бұл жарыс жас балуандардың басын қосып қана қоймай, спорттағы ізін кейінгі буынға үлгі етуге бағытталды. Жарыс алаңына шыққан әр спортшы үшін тартысты белес – жеңіске жетудің ғана емес, тәжірибе жинап, жігерін шыңдаудың мүмкіндігі. Ал мұндай додалардың тұрақты ұйымдастырылуы аудан жастарының дзюдоға қызығушылығын арттырып, спорттық шеберліктің қалыптасуына жол ашады.
Бауыржан ЖҮНІС
22 қыркүйек 2026 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 887
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930