» » Ашық турнир өтті

Ашық турнир өтті

Ауданымызда 19-21 сәуір күндері денешынықтыру-сауықтыру кешенінде аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі мен «Жалын» спорт клубының ұйымдастыруымен 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында «KARMAKSHY JUDO OPEN» атты дзюдо күресінен ашық турнир өтті.
Ашық турнирге Қызылорда қаласынан және көрші аудандар мен елді мекендерден жас дзюдошылар бақ сынады.
Спорттық шараның басты мақсаты – аудан көлемінде дзюдо күресін дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау, жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. Тартысты додаға аудан бойынша 23, 26, 29, 32, 35, 38, +38, 42, 46, +46, 50, 55, 60, +60 келі салмақ дәрежесіндегі 300-ге жуық жас спортшы қатысып, сынға түсті. Жарысқа Ерлан Жақсыбеков, Дінмұхаммед Алтай, Әділет Несіпбаев, Арқар Бақытжан, Серік Бердімұрат, Нұржан Маратұлы, Мағжан Ібраш, Маржан Ібраш, Алихан Әлиасқаров, Әлімбек Нұрислам, Бекзатхан Сайлаубек, Қайсар Транай, Айбек Егізбаев төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтады.
Жарыс нәтижесінде әр салмақ бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған жас балғындарға аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі мен «Жалын» спорт клубының арнайы диплом, медаль және бағалы сыйлықтары табысталды.
Құралай АЛТАЙҚЫЗЫ
23 сәуір 2024 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031