» » Жас балғындар бәсекесі

Жас балғындар бәсекесі

Өткен аптада аудандық мәдениет және спорт бөлімімен «Жалын» спорт клубының ұйымдастыруымен 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылғы кіші жасөспірімдер арасында «JENIMPAZ BOL» атты дзюдо күресінен ашық турнир өтті.
Спорттық шараның басты мақсаты – аудан көлемінде дзюдо күресін дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау, жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. Тартысты додаға аудан бойынша 20, 23, 26, 29, 32, 35, 38, 42, +42, 46, 50, +50, 55, 60, +60 келі салмақ дәрежесіндегі 400- ге жуық жас спортшылар қатысып, бақ сынасты. Жарысқа Дархан Алмаханов, Ерлан Жақсыбеков, Әділет Несіпбаев, Арқар Бақытжан, Дінмұхаммед Мусаханов, Бекзатхан Сайлаубек, Қайсар Транай, Айбек Егізбаевтар төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтады.
Жарыс нәтижесінде әр салмақ бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған жас балғындарға арнайы диплом мен медаль, бағалы сыйлықтар табысталды.
Құралай КӨКЕЕВА

Біздің FacebookInstagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! 
30 қаңтар 2024 ж. 941 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031