» » ЕРЛАН НЫСАНБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ


Қармақшы ауданында 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Нысанбаев Ерлан Бақытжанұлын еске алуға арналған халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.

Сайысқа шет мемлекеттерден Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, сондай-ақ еліміздің әр қалаларынан келген 15 команда құрамындағы 300-ге жуық жас спортшы қатысуда.

Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, турнирдің өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, табандылыққа тәрбиелеудегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар Ерлан Нысанбаевтың ағасы Зал Шаймерденов, жарыстың ұйымдастырушылары атынан Ғалымжан Көшкінбайұлы сөз алып, турнирдің мақсаты мен маңызына тоқталды.

Ерлан Нысанбаев жастайынан спортқа жақын болып, бокстан бірнеше мәрте аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Оның спорттағы қайсарлығы мен елге деген сүйіспеншілігі бүгінгі жас буынға үлгі.

Айта кету керек, бүгінде он бірінші рет ұйымдастырылып отырған жарыс 20 желтоқсан күні қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталатын болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

16 желтоқсан 2025 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930