» » Қармақшыда бокстан республикалық турнир басталды

Қармақшыда бокстан республикалық турнир басталды


qarmaqshy-tany.kz Кеше ауданда бокстан халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпазы, талантты боксшы Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир басталды.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Ауданда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан турнирге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен және Атырау, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласынан барлығы 15 команда, 160 спортшы қатысуда.
Спорттық шараның негізгі мақсаты – Ерлан Нысанбаевты еске ала отырып, жасөспірімдер арасында бокс спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, боксшылардың спорттық шеберлігін шыңдау.

Ерлан Нысанбаев 2002 жылдан бастап аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс үйірмесіне қатысып, аз ғана уақыттың ішінде өзінің жеңіске деген құштарлығымен көзге түсіп, Қызылорда облысының чемпионы атанған.

Арал қаласында өткен республикалық турнирде, бірнеше рет аудандық, облыстық турнирлерде жүлдегер атанған. 2004 жылы Ақсу қаласында халықаралық турнирде чемпион атағын иеленген.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

24 қараша 2023 ж. 661 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 618
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 391

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031