» » БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ


Ағымдағы жылдың 13-17 қараша күндері аралығында Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында 5 күнге созылған республикалық ашық турнир өз мәресіне жетті.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше дүркін Қазақстан Республикасының және халықаралық жарыстардың жеңімпазы Мұхит Амантаев, Ерлан Нысанбаевтың ағайындарының атынан Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Сақтапберген Медеуов құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Ауданда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан турнирге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен және Атырау, Алматы, Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Алматы, Астана қалаларынан барлығы 16 команда, 300-ге жуық спортшы қатысты.
Спорттық шараның негізгі мақсаты – Ерлан Нысанбаевты еске ала отырып, жасөспірімдер арасында бокс спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, боксшылардың спорттық шеберлігін шыңдау болып табылды.

Республикалық турнирдің қортындысы бойынша ауданымыздың спортшылары 50 кг салмақ дәрежесі бойынша Жұмахмет Диас жеңімпаз атанса, 54 кг салмақта Алтынбек Алішер, 70 кг салмақта Ессенбек Дінмұхаммед жүлделі ІІ орын және 50 кг салмақта Әбуұлы Дамир ІІІ орынға ие болды.
Сондай-ақ Жұмахмет Диас үздік боксшы номинациясына ие болды.

18 қараша 2024 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 193

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930