» » Бокстан Республикалық турнир өз мәресіне жетті

Бокстан Республикалық турнир өз мәресіне жетті


qarmaqshy-tany.kz Ағымдағы жылдың 22-26 қараша күндері Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде орналасқан «Дене шынықтыру - сауықтыру кешенінде» Нысанбаев Ерлан Бақытжанұлын еске алуға арналған бокстан 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында ІХ Республикалық турнир өз мәресіне жетті.
Республикалық турнирдің негізгі мақсаттары: Облыс көлемінде бокс дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жасөспірімдер арасында олимпиадалық спорт түрін насихаттау, Ерлан Нысанбаевты еске алу, облыс құрама командасын іріктеу болып табылады.
Ауданымызда дәстүрлі түрде ІХ рет өткізіліп келе жатқан турнирге Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан Республикалары және Республика бойынша 16 команда, 200-ге жуық спортшы қатысып бақ сынасты.
Жерлестеріміз Республикалық турнирде топ жарып жеңімпаз атанды. Атап айтар болсақ 48 кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орын Исаев Рауан, 66 кг салмақтың жеңімпазы Әбішов Фараби, 70 кг салмақтың жеңімпазы Мұратұлы Ердаулет, 70 кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орын Ахметжанов Арслан, +80 кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орын Қалмурзаев Жандәулет иеленді.
Жеңімпаз және жүлдегер спортшыларға облыстық мәдениет және спорт басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом және демеушілердің медальдары мен кубоктер табысталды.

27 қараша 2023 ж. 1 531 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 401
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930