» » Былғары қолғап шеберлері бәсекесі

Былғары қолғап шеберлері бәсекесі

Бейсенбіде Қармақшы жұрты жылдағы дәстүрмен осыдан біраз жыл бұрын жасындай жарқ еткен спортшы Ерлан Нысанбаевты еске алды. Биыл бокстан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир оныншы мәрте жалауын көтеріп отыр.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Мұхит Амантаев, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Сақтапберген Медеуов қатысты.
– Спорт саңлағы Ерлан Нысанбаевты еске алу мен бокс спортын насихаттау мақсатында турнир 2015 жылы бірінші мәрте аудандық деңгейде өткізілді. Жыл сайын бұл жарыс дәстүрге айналып биыл міне республикалық деңгейде өткізілуде. Бұл турнирді ұйымдастырушылардың еңбегі деп білемін. Бокс спортына бағын сынап келіп отырған спортшыларға осында жетістікке жетіп, әрі қарай әлемдік ареналарға шығуына тілектеспін. Ауданымызда бокс спорты дами берсін, қатысушыларға үлкен сәттілік, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Дәстүрлі спорт жарысына Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен және Атырау, Алматы, Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Алматы, Астана қалаларынан барлығы 16 команда, 300-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынасуда.
Дарынымен дараланған Ерлан Бақытжанұлы 1989 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Ол кент орталығындағы No250 мектепте білім алып, 2002 жылдан бастап аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс үйірмесіне қатысып, аз уақыттың ішінде өзінің жеңіске деген құштарлығымен көзге түскен. Бокстың арқасында Қызылорда облысының чемпионы атанады. Мектептен кейін Алматы қаласындағы әскери-спорт мектебіне оқуға түсіп, бітірген. Бірнеше мәрте республикалық және облыстық додаларда елдің абыройын асқақтатты.
Дүбірлі дода ауданда төрт күн өткізіледі. Жарыстың алғашқы күнінде-ақ спортшылар рингте жұдырықтасып, мықтылар өз шеберлігін көрсетті. Залдағы көрерменнің де қолпаштауында шек жоқ. Жанкүйерлер жерлестеріне қолдау көрсетіп, рух берді. Үлкен қолдаудан күш алған спортшылар қарсыласын ауыр соққымен есеңгіретіп, мықтылығын дәлелдеуде. Тамаша тартыс бокс әлеміне қадам басқан балалар үшін өзін көрсетуге, қабілетін байқауға жақсы мүмкіндік бергендей.
Жарыстың әділ өтуі үшін жан-жақтан төрешілер шақырылған. Тіпті Уганда елінен Паул Тузинде арнайы келіп, төрелік етті.
– Алдымен қазақ еліне, соның ішінде Қызылордаға келгеніме өте қуаныштымын. Мен осы турнирге екінші мәрте келіп, төрелік етіп отырмын. Жарыс өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Халықтың қошеметіне сөз жоқ. Спортшылардың жарысқа деген ынтасы жоғары. Жалпы қазақ жігіттері мықты екен. Барлық спортшыға сәттілік тілеймін, – деді угандалық төреші.
Бейсенбіде басталған байрақты бәсекенің нәтижесі жексенбіде қорытындыланады. Спортшылардың жеңісін газетіміздің келесі санында жариялайтын боламыз.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
16 қараша 2024 ж. 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 777

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 824

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031