» » ТЕҢБІЛ ДОПТАН АУДАН КУБОГІ

ТЕҢБІЛ ДОПТАН АУДАН КУБОГІ

Сенбіде аудан орталығындағы стадионда Мемлекеттік қызметшілер және Полиция қызметкерлері күніне орай «Аудан әкімінің кубогі» жүлдесі үшін шағын футболдан турнир өтті.
Спорттық сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шараға мемлекеттік қызмет саласының ардагері Бахытжан Өтегенов қатысып, лебізін білдірді.
– Құрметті сайысқа қатысушылар сіздерді төл мерекелеріңізбен шын шүректен құттықтаймын. Елге қызмет етіп жүрген екі саланың мамандары бірі мемлекеттік қызметтің дамуы мен өсіпөркендеуіне үлес қосса, енді бірі елін, жерін бейбіт күндегі алауыздықтан қорғауда. Бұл күндерді арнайы атап өту арқылы қоғамымыздағы мемлекеттік қызметшілер мен тәртіп сақшыларының мәртебесін арттырып, мемлекеттік органдар рөлінің маңыздылығын одан әрі нақтылай түсеміз, – деді сала ардагері.
Мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен дүбірлі спорт додасына 30 мемлекеттік мекемеден 10 команда, 150-ден аса спортшы қатысып, өзара сайысты.
Тартысты өткен турнирде «Достық» (аудандық қоғамдық даму, білім, мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен құралған) командасы топ жарса, ІІ орынға «Полиция» командасы, ал ІІІ орынға «Құтқарушылар» (төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімдері) командасы тұрақтады. Жеңімпаз командаларға арнайы аудан әкімінің кубогі мен дәрежелік дипломдар және қаржылай сыйлық табысталды.
Сондай-ақ турнир аясында арқан тартыс сайысы да ұйымдастырылды. Нәтижесінде І орынды «Қармақшы» (аудан әкімі аппараты, мәслихат аппараты, экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдері) командасы, ІІ орынды «Намыс» (аудандық прокуратура, сот, мемлекеттік кірістер басқармасы) командасы, ІІІ орынды «Полиция» командасы иеленді.
«ҚТ» ақпарат
24 маусым 2025 ж. 76 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 989
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031