» » Қол добынан қола жүлдегер

Қол добынан қола жүлдегер

Ауданымызда спорт түрлерінен ел үмітін ақтап жүрген спортшыларымыз баршылық. Қай қайсысының жеңісіне үңілсеңіз де жоғары чемпиондық атағы бар. Солардың бірі – Еркеназ Найман.
Қол добы спортын жанына серік еткен аруымыз кенттегі No121 орта мектептің оқушысы. Жасы он бесте. Қазір облыс құрамасында өнер көрсетіп жүр. Спорттың бұл түріне 2021 жылдан бастап қатысып келеді. Мектепте жүргенде спортқа қызығушылығы артып, ерекше қабілетінің арқасында көзге түскен.
– Өзім солақаймын. Қол добына көбіне солақайлар қажет және спортшылар арасында аз кездеседі. Жасұлан ағайым осы ерекшелігімді байқап, спортқа келуіме кеңес берді. Мен қарсы болмадым. Уақыт өте маған бұл спорт қатты ұнай бастады. Кейін жарыстарға қатысып бағымды сынадым. Негізгі бапкерім Шыңғысхан ағайдың жаттықтыруымен үлкен жетістіктерге жетудемін, – дейді спортшы қыз. Еркеназ жарыстарда төрт мәрте Қазақстан чемпионы атанған. Қазір елдегі ұлттық құрамаға үміткер. Иә, мұндай мүмкіндік кез келген спортшыға бұйыра бермейтіні сөзсіз. Жасы кіші болса да жиырма үш жасқа дейінгі чемпионат ойындарына қатысып, қола жүлдеге ие болған.
– Шәкірттерімнің бәрі мықты. Ешқайсысын бөліп жармаймын. Алайда «Ұстаздан шәкірт озады» деген тәмсіл бар ғой. Қабілеті ерекше мықты спортшы өзі-ақ көптің арасынан суырылып шығып отырады. Еркеназ солардың бірі. Қазір облыс құрамасының сапында өнер көрсетіп жүр. Бұйырса алда биік шыңдарды бағындырады деген сенімдемін, – дейді жаттықтырушысы Шыңғысхан Әлихан.
Ерсін ӘЛІБАЙ
26 қазан 2024 ж. 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930