» » Допты хоккейдің дарабозы

Допты хоккейдің дарабозы

qarmaqshy-tany.kz КЕЗ КЕЛГЕН СПОРТ АДАМДЫ САЛАМАТТЫ ӨМІРГЕ БАҒЫТТАЙДЫ. ӘР ӨҢІРДІҢ ӨЗІНЕ ҚОЛАЙЛЫ, ҰЗАҚ ЖЫЛДАН БЕРІ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕ ЖАТҚАН СПОРТЫ БОЛАДЫ. СОНЫҢ ІШІНДЕ СЫР ЕЛІ КӨГАЛДАҒЫ ХОККЕЙДЕН ТОЛАЙЫМ ТАБЫСТАРҒА ЖЕТІП, ОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІ ДАЙЫНДАЛУДА. АЛАЙДА ОСЫ ЖЕТІСТІКТЕР СПОРТШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІСІНІҢ ЖЕМІСІ.

Спорттың бұл түрі ауданымызда да қарқынды дамып келеді. Соңғы екі жылда Ақтөбе ауылында ашылған көгалдағы хоккей үйірмесіне мектеп оқушылары қатысып, бүгінде Қызылорда құрамасы сапында жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр. Биыл жазда өткен Қазақстан чемпионатында №109 мектеп оқушысы Қуанар Ержан ұлттық құраманың сапында өнер көрсетіп, күміс медаль иеленген-ді. Жақында спортшымыз «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат» атағына ие болды. Ол Ресей жоғары лигасының жүлдегері, Қазақстанның спорт шебері, чемпион Рысбек Қаппаровтың шәкірті.
– Қуанар ауылда көгалдағы хоккей үйірмесі ашылғалы қатысып келеді. Былтыр жаздан бастап өзінің жақсы ойын көрсетуімен Қызылорда қаласына жарыстарға шақырту алып жүр. Жаттығуды ауылда өткізеді. Жалпы шәкіртімнің спортқа деген ынтасы жоғары, мектепте сабағы да жақсы, бәріне бірдей үлгеріп қатысады. Жазда өткен чемпионатта негізгі құрамда ойнап, команданы алға сүйреген ойыншылардың бірі болды. Мен барлық шәкіртіммен мақтанамын. Өйткені олар үздік ойын көрсеткеннің арқасында көзге түсіп, облыста құрама сапына іріктелуде. Бас команданың құрамына алыну мен үшін үлкен абырой, – дейді шебер жаттықтырушы Рысбек.

Қуанар Ержан №109 мектептің 10 сынып оқушысы. Оқуда озат, ұстаздарының мақтанышы. Мектептегі іс-шараларға белсенді қатысса, соның ішінде спорттық жарыстарды қалдырмайды.
– Спортқа бала кезден жақынмын. Соның ішінде футболды жақсы көремін. Күреске де қатысқаным бар. Ал енді көгалдағы хоккейге келуіме Рысбек ағайым себепкер болды. Үйірме ашылғаннан қатысып көруге шақырып, содан қызығушылығым оянды. Бұл спорттың ерекшелігі «клюшка» деп аталатын таяқпен шар допты ұрып ойнайды. Бастапқыда қиыншылық туғызғаны рас. Бірақ 1 айда үйреніп алдым. Қазір үлкен команда сапында өнер көрсетіп, жарыстарға қатысып жүрмін. Мұның өзі мен үшін үлкен қуаныш. Бұйырса осы спорттан ауылдың атын шығарамыз деген үміттеміз, – дейді жас спортшы.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
21 қараша 2023 ж. 852 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031