» » Көгалдағы хоккейден жүлделі оралды

Көгалдағы хоккейден жүлделі оралды

Жақында Талдықорған қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ІV республикалық жазғы ауыл ойындарында ұлдар және қыздар арасындағы көгалды хоккейден Ақтөбе ауылындағы No109 орта мектептің оқушылары Қызылорда құрамасы сапында өнер көрсетіп, ІІ орынды иеленді.
Команданың жетекшісі, көгалдағы хоккейден ұлттық құраманың мүшесі, қызылордалық «Қайсар» хоккей клубының сапында өнер көрсететін Рысбек Қаппаров ауылдан үйірме ашып, жастарды спортқа баулыған. Сонымен қатар ол Ақтөбе ауылының тумасы.
– Ауылға жиі барып тұрамын. Соның арасында үйірме ашып, мектеп оқушыларын дайындадым. Облыста өткен ауыл жастарының спартакиадасында шәкірттерім таңдауға алынып, ішінен 7 қыз, 2 ұл облыстық құрама сапына іріктелді. Жалпы шәкірттерімнің жарысқа деген ынтасы өте жоғары. Бас команданың құрамына кіру екінің қолынан келе бермейді. Мәселен, Талдықорған қаласында өткен жарыста әр аймақтан келген 9 команданың ішінде жоғары ойын көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткіздік, – дейді ол.
Көгалдағы хоккей – олимпиада ойындарына кіретін спорттың бір түрі. Ал ауыл жастары арасындағы спартакиада төрт жылда бір ұйымдастырылады. Осы жарыста Рысбек Нұрланұлының үкілеген шәкірттері, яғни қыздар тобы Шымкентте өткен турнирде жүлделі І орынға қол жеткізген. Одан бөлек команданың мүшесі Зухра Қонысбекқызы жарыстың үздігі атанған. Қазіргі таңда команда алдағы чемпионатқа қызу дайындық үстінде.
Рысбек Қаппаров бүгінде Қазақстанның спорт шебері. Ресей жоғары лигасының жүлдегері. Қазақстан Республикасының чемпионы. Кезінде КСРО чемпионатын бірнеше мәрте жеңген Қазақстанның «Динамо» командасының мүшесі Сұлтан Қобландиннің шәкірті.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
13 тамыз 2022 ж. 1 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031