» » Жеңісің көп болсын, Натали!

Жеңісің көп болсын, Натали!

qarmaqshy-tany.kz Жас та болса өзінің спорттық мансабында жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақ елін әлемге танытып жүрген байқоңырлық спортшылар жетерлік. Онда бірнеше күрес түрі мен каратэ-до ерекше дамыған. Осы және басқа да спорт түрі бойынша әлемдік, азиялық, халықаралық деңгейдегі жарыстардан жеңімпаз атанып, елдің абыройын асқақтатып жүрген қызымыздың бірі – Натали Касикова.

Ол 2003 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Отбасылық жағдаймен ата-анасы Байқоңырға көшіп келген соң қала мектебінде білім алады. Сабағын оқи жүріп қосымша спорттың каратэ-до түрімен айналыса бастайды. Оған да биыл міне 10 жыл уақыт болыпты.
Каратэден алғашқы жетістігін Бурабайда өткен Қазақстан чемпионатында жүлделі ІІ орынмен бастаған ол кейін де осы жеңістерін қайталайды. Талай жарыста жасындай жарқырап, туған жерге жүлдемен оралды.
Солардың кейбіріне тоқталып өтсек. Қазақстанның қол жеткізген табысының бірі 2017 жылғы өткен «Экспо» көрмесі. Осы бәсі биік халықаралық іс-шарасы аясында өткен Азия чемпионатында жерлесіміз ІІІ орынды иемденіп, Қазақстан құрама командасы сапынан нықтап орын алды. Тіпті басқа да халықаралық жарыстарда шетел спортшыларынан басым түсіп, чемпион атанды.
Натали 2019 жылы Германияда 16-17 жас аралығында өткен халықаралық турнирде жүлделі ІІ орынды жеңіп алса, келесі кезекте Малайзия, Ресей мемлекеттерінде шеберлігімен тәнті еткен каратэші аруымыз 2020 жылы өткен Әлем кубогында да үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.
– Әлемнің мықтылары жиналған бұл байрақты жарыста әрбір елден келген каратэшілер өз елінің мәртебесін асыру үшін қолдан келгенше өнер көрсетті. Ал менің қарсыластарым небір дүбірлі додада топ жарған мықтылар болды. Алайда туған елімнің намысын қолдан бермеу үшін бар күш-жігерімді жинап, алға ұмтылдым. Сөйтіп өз салмағымда чемпион атандым» дейді сол бір жарыста басынан өткен сәтін есіне алған Натали.
Бүгінде талай дүбірлі жарыста ел намысын қорғап, абырой биігінен көрініп жүрген спортшының алғашқы бапкері Эльвира Лидің, содан кейін халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дильдора Усманованың тыңғылықты жаттықтыруымен байрақты бәскеде топ жарған болса, бүгінде ол Орал қаласындағы жоғары спорт академиясында білім алуда. Білім алып қана қоймай, халықаралық, республикалық жарыстарда бақ сынап, жоғары нәтиже беруде. Натали жақында Ринат Менғалиевтың жаттықтыруымен Шымкентте өткен ел біріншілігінде І орынды иеленді.
Айта кетерлігі, Натали Ресей және Қазақстанның спорт шебері атанған бірден-бір қазақстандық каратэші. Ол Азия – Еуропа біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы атанған қазақстандық.
«Каратэ до – адам баласы үшін қарусыз қорғанудың түрі. Соңғы уақытта қазақ арулары осы спорт түрі бойынша сенім үдесінен шығып жүр. Байрақты бәсекелерде көк туымызды аспандатып, елімізде спорт саласының дамуына перзенттік үлесімді қосу мен үшін зор мәртебе. Спортты, оның ішінде каратэ-доны таңдағаныма өкінбеймін» дейді Натали Касикова.
Қазіргі кезде спортшы Қазақстан құрамасы сапында осы жылдың желтоқсан айында Өзбекстан мемлекетінің астанасы Ташкентте ересектер арасында өтетін Азия чемпионатына қатысуға дайындалуда.
Жеңісті күндерің көп болсын, Натали!
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
19 қазан 2022 ж. 674 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031