» » Даринаның жеңісі

Даринаның жеңісі

qarmaqshy-tany.kz Жақында «Жалын» спорт клубы мен Бекир Набиев басшылық жасайтын «Достық Жер МК» ЖШС жүлдесіне арналған дзюдодан 2010, 2011, 2012, 2013, 2014 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында ІІІ республикалық турнирі өткен-ді. Оған 600-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Нәтижесінде +52 келі салмақ дәрежесінде күрескен балғын спортшы Дарина Мұқашева ауданның намысын қорғап, ІІ орынды иеленді.
Үлкен спорттағы үлкен жеңістердің баспалдағы бүгіннен басталады демекші, Даринаның спортқа деген қызығушылығы 2 сынып оқып жүргенде басталған. Спорттың алғашқы табалдырығын таэквондодан бастаған ол жарыстарға қатысып, біраз жетістіктің арқасында көк белбеуге дейін жеткен. Кейін себептерге байланысты таңдауын өзгертіп, аудандағы №16 спорт мектебіндегі күреске қатысып, спорттағы жолын жалғастырады. Күрестегі бапкері Гүләйім Нұрмаханованың тәрбиесі мен тынымсыз жаттығудың арқасында Дарина кешегі турнирде нәтиже көрсетті.
– Қызымның жарыстағы жетістігін көргенде отбасымызбен қатты қуандық. Себебі бір спортта жүріп, екінші түріне ауысқан ол балаға әсер етеді. Күреске келгеннен кейін алғашқы үш айында облысқа жарысқа қатысып, қарсыласынан жеңіліп қайтты. Бірақ біз қолдау көрсетуімізді тоқтатпадық. Қызым Дарина да ұтылдым деп мойымай, дайындығын жалғастыра берді. Кеше ауданда өткен ІІІ республикалық турнирге қатысқанда аздап қобалжыдым. Бұл жолы әжесін жанкүйер болуға жібердім. Көп ұзамай бірінші кезеңде қызымның Сырдария мен Жалағаш ауданының спортшыларын жеңіп, финалға шықты деген хабарды естігенде шыдамай көруге бардым. Алайда ақтық қарсыласы қызылордалық өзінен жасы да, салмағы да үлкен болып басым түсті. Біз ІІ орын алғанымызға риза болдық. Себебі спортта тәжірибесі бар адаммен күресудің өзі жетістік деп ойлаймын. Бұл жерде ұстаздары Ерлан Жақсыбеков пен Гүләйім Нұрмаханованың еңбегі бар, – дейді жас жеңімпаздың әкесі Нұрбол.

Дарина спортпен қатар мектепте оқуда озат. Ол Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеплицейінің 6 сынып оқушысы. Спорттағы ағайлары оның ер мінезділігі мен талабына қарап «Чемпион» деп ат қойып қойған. Бүгінде жас өрен алдағы жарыстарға дайындық үстінде.
– «Баласы атқа қонса, үйдегі ата-анасы тақым қысады» деген бар ғой. Көбіне әжесі екеуіміз спорттағы жетістігіне қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігінше дайындықтан қалдырмауға тырысамыз. «Ертең жетістігің өзіңе көмек болады» деп айтамыз. Ал анасы сабағына қарап, қадағалайды. Өз алдына бөлек ақылын айтып отырады, – дейді Нұрбол Үсенов.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
30 қыркүйек 2023 ж. 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031