Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Велоспорттан ҚР чемпионаты аяқталды

Велоспорттан ҚР чемпионаты аяқталды

Байқоңыр қаласындағы «Ғылым және ғарыш» стелла- сында жастар мен ар- дагерлер арасындағы велосипед спортынан ҚР чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Іс-шарада облыс әкімінің орынба- сары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, Байқоңыр қаласы әкімшілігі Басшысы Константин Бусыгин қалада алғаш рет өткізілген чемпионаттың бұқаралық спортты одан әрі дамытуда, жастар арасында спортпен шұғылдануды насихаттауда алатын орнын ерекше атап өтіп, ұйымдастыру алқасына және төрешілерге Алғыс хаттар табыстады. Көпкүндік чемпионат нәтижесінде командалық жеңімпаздар сапында І орын Солтүстік Қазақстан облысынан команда өкілі Бақтияр Қожатаевқа, ІІ орын Алматы қаласынан команда өкілі Шахназар Мамутовқа, ІІІ орын Астана қаласынан команда өкілі Валерий Аникинге бұйырды.
12-16 сәуір аралығында Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағында тас жолдан жастар және «Masters» ардагерлері арасында 5 этаптан тұратын велосипед спорты- нан чемпионат ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Республикасының 15 командасы, көршілес Ресейден, Қырғызстаннан және еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысқан болатын. Спортшылар велоспортының олимпиадалық түрлерінен топтық және жеке жарысса, олимпиадалық емес түрінен критериум, командалық жарыстан тартысты додаға түсті. Сейсенбіде жасөспірімдер арасындағы «Жалпы классификация» жеңімпаздары мен бірнеше күнге созылған «Командалық есеп» бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
«ҚТ» ақпарат
20 сәуір 2024 ж. 464 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 398

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031