Самбодан ашық турнир өткізілді
qarmaqshy-tany.kz «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына орай Байқоңыр қаласында Қазақстан Республикасы және Ресей федерациясы ІІМ бөлімшелері мен күштік құрылым қызметкерлері арасында самбодан ашық турнир өткізілді
Байқоңыр қаласының «Маяк» спорт кешенінде «ДИНАМО» дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына орай Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы ІІМ бөлімшелері мен күштік құрылым қызметкерлері арасында самбо және жауынгерлік самбодан ашық турнир өтті. Турнирге салмақ дәрежесінде бақ сынаған 50-ден аса адам қатысты.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қ. Нұртай, «Байқоңыр» қаласы әкімшілігінің басшысы К.Д. Бусыгин және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Құқық қорғау органдарының, қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінің басшылары қатысты.
Жалпы командалық есепте Қызылорда облысының полиция департаменті жеңіске жетті, Ресей ІІМ «Байқоңыр» кешеніндегі басқармасының командасы– де ІІ орын, «Ресей ТЖМ № 70 «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы басқармасы» - ІІІ орын.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Байқоңыр» кешенінде Ресей ІІМ грамоталарымен, арнайы кубоктар мен медальдармен марапатталды.
Пікір 1