» » Қызылордалық полицейлер арасында шағын футболдан турнир өтті

Қызылордалық полицейлер арасында шағын футболдан турнир өтті


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылорда облысының полиция департаментінің  арнайы жұмылдыру даярлық басқармасымен «Динамо» спорт кешенінде полиция қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырды.  
Турнирдің ашылу салтанатына Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері, сондай-ақ «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалының өкілдері қатысты.
«Тәуелсіздік күні – бұл бостандықты, күш пен өркендеуді білдіретін ұлы мереке. Еліміздің әр азаматы үшін бұл өте маңызды күн. Өздеріңіз білетіндей, мұндай жарыстар қызметкерлер арасында спортты дамыту, даңқты дәстүрлерді нығайту, ойыншылар арасында құрметті қарым-қатынас орнату үшін маңызды. Жарыс жоғары деңгейде, командаларға лайықты жеңістер, барлық қатысушыларға спорттық мерекеден ұмытылмас әсер қалдыруын тілеймін», – полиция департаменті бастығының орынбасары,  полиция полковнигі Ерлан Ахметов.
Жарысқа 8 команда, 96 қызметкер қатысты. Ойынның міндеттері мен шарттарын анықтайтын мандаттық комиссия құрылды.
Шағын футболдан жарыс аяқталғаннан кейін командалар арасындағы орындар келесідей бөлінді: 1 командалық орынды Қызылорда облысы Полиция департаментінің құрама командасы жеңіп алса, 2 орынды Қызылорда қалалық Полиция басқармасының құрама командасы алды, ал 3 орынды ПБ-ның патрульдік полиция батальонының құрама командасы иеленді.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері арасында «Үздік ойыншы» – ПБ-ның полицейi полиция сержанты Нұрлыбек Күмісбай, «Үздік қорғаушы» – ПД-нiң Тергеу басқармасының бөлім бастығы полиция майоры Бауыржан Савлябеков, «Үздік қақпашы» – Арнайы жұмылдыру даярлық басқармасының инспекторы полиция капитаны Қадыр Жұмабеков, «Үздік шабуылшы» – ПБ-ның патрульдік полиция батальонының рота командирі полиция майоры Шаттық Жайсанбаев номинациялары анықталды.
«Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалының өкілі  үздік ойыншыларға естелік сыйлықтар табыс етті.
Жарысқа қатысушылар мен жүлдегерлер Департамент бастығының Дипломымен, кубоктармен, медальдармен марапатталды.


13 желтоқсан 2021 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031