» » Анкарада қазақстандық студенттер арасында шағын футболдан турнир өтті

Анкарада қазақстандық студенттер арасында шағын футболдан турнир өтті

Анкарада қазақстандық студенттер арасында шағын футболдан турнир өтті
Түркия астанасы Анкарада қазақстандық студенттердің арасында шағын футболдан турнир өтті. Тартысты бәсекеге Конья, Кайсери, Сакарья мен Бурса қалаларынан 8 команда қатысып, сайыстың көрігін қыздырды. Жасыл алаңға жігерленіп шыққан ойыншылар аянып қалған жоқ. Допқа таласта қызу ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің алға қойған мақсаты – елден жырақта жүрген қазақ жастары арасында достық, бауырмалдылық пен ауызбіршілікті нығайту. Азамат Асанов, Анкара университетінің студенті: – 2002 жылы 25 сәуірде Қазақстан Стокгольм қаласында УЕФА-ға қабылданған болатын. Соның негізінде Қазақстан футболының күні деп 25 сәуірді атаулы мереке ретінде тойлап келеміз. Түркиядағы Қазақстан елшілігінің тікелей қолдауымен және Анкарадағы қазақ жастарының ұйымдастыруымен Түркияның түкпір-түкпірінен қазақ жастары жиналып, үлкен деңгейде турнир өткіздік.

24.kz
22 сәуір 2018 ж. 1 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031