» » Мықтылар күш сынасты

Мықтылар күш сынасты

qarmaqshy-tany.kz Жақында Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық Жыраулар үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және спорт бөлімі мен жарыс демеушілерінің бірлесе ұйымдастыруымен жас та болса өзінің іскерлігімен, елжандылығымен қармақшылықтар арасында құрметке ие болған жас кәсіпкер, спорт жанашыры Абай Жаңабекұлы Оспановты еске алуға арналған 2007 жылы туған жасөспірімдер және ересектер арасында облыстық жарыс өтті.

Жарыстың басты мақсаты — аймақ жастарын бұқаралық спортқа, оларды сыйластыққа, патриотизмге, бірін-бірі құрметтеуге баулу.
Оған аймағымыздың барлық өңірінен гір тасын көтеру спортының үздіктерімен бірге ауданымыздың спортшылары қатысып, өз дәрежесінде өнер көрсетті.
Бір күнге созылған дүбірлі жарыста спортшылар өзара өнер көрсетіп, оның қорытындысымен 1987 жылы туғандар арасында қармақшылық Е.Кәжденбек жарыс жеңімпазы атанса, ІІ және ІІІ орындарды жалағаштық Ә.Ербол мен Ө.Әділбекұлы иемденді.
Сонымен бірге, ересектер арасында 63 келіде өнер көрсеткен аралдық Ғ.Әділбаев І орынды және ІІ-ІІІ орындарды тағы аралдық спортшы М.Тілеужанов және қармақшылық С.Әміртаев иемденсе, 68 келіде жалағаштық И.Мажитов І орынға, қармақшылық Ә.Қалжанов ІІ орынға, аралдық Қ.Ырзақов жүлделі ІІІ орынға көтерілді. Сондай-ақ, 73 келі салмақта Е.Жалғасбаев (Қармақшы ауданы) өз салмағында жеңімпаз атанса, келесі жүлделі орындарды М.Бөлекбаев (Қазалы ауданы) пен П.Бақытбеков (Арал ауданы) өзара бөлісті. 85 келіде Б.Нысанбаев көш басынан көрінсе, қалған жүлделі орындарды жалағаштық А.Зәуребаев пен аралдық М.Махамбетов өзара бөлісті.
Ал, 85 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша І орынды А.Сейіткенов (Жалағаш ауданы), ІІ орынды Б.Еламанов (Қармақшы ауданы) және ІІІ орынды Н.Сенбеков (Жалағаш ауданы) иеленіп, абырой биігінен көрінді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімінің арнайы дипломымен және демеушілердің тағайындаған сый-құрметімен мадақталды.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
01 тамыз 2023 ж. 801 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930