» » Азамат есімі ардақталды

Азамат есімі ардақталды

qarmaqshy-tany.kz ІІІ ИНТЕРНАЦИОНАЛ АУЫЛЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ, АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ ТІЛЕУІМБЕТ АЙТБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ОБЛЫСТЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ.

Дүбірлі жарыстың ашылу салтанатында аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаев, сала ардагерлері Еркін Атабаев пен Шәріпбек Асанов спорт саңлағы Тілеуімбет Айтбаев жайлы естелік айтып, жас гір тасын көтеруші спортшыларға аталық батасы мен ақ тілегін арнады.
Жарысқа аймағымыздың барлық өңірінен әр салмақ дәрежесі бойынша үздік деп танылған 80-ге жуық жас білікті спортшымен бірге біздің де жерлестеріміз қатысып, оның нәтижесінде айтарлықтай жүлдеге қол жетті.
Екі күнге созылған жарыста 35 келі салмақта өнер көрсеткендер бойынша Жалағаш ауданының спортшылары Нұржан Өмірбек чемпион атанса, ІІ орынды Ержан Мешітбек иеленді, ал жүлделі ІІІ орынды қармақшылық Арнұр Маратбек олжалады. Сондай-ақ 2009-2010 жылғы спортшылар арасында 40 келіде барлық жүлдені жалағаштық гір тасын көтерушілер, яғни Әлтайыр Өмірбек, Ердос Қуанышбеков пен Асқар Ермекбаевтар еншілесе, 2011 жылғылар бойынша Абылайхан Серікбай (Жалағаш) І орынға, ІІ орынды шиелілік Абдулла Ертісұлы және жүлделі ІІІ орынға қармақшылық Ерұлан Жаңаберген көтерілді. Сонымен бірге 2011 жылы туғандар бойынша 40 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Жалағаш ауданының спортшысы Нұрдәулет Жәнібек пен қармақшылық Ерсұлтан Күзенбай жүлделі І және ІІ орындарды өзара бөлісті. Ал 50 келі салмақ дәрежесінде жалағаштық Өтеген Әбдібекұлы жеңімпаз атанса, аралдық Дидар Нағашыбеков пен Сағат Сексенбаевтар жүлделі ІІ және ІІІ орындарды иемденіп, абырой биігінен көрінді. 50 келіден жоғарыда 2009-2010 жылы туғандар арасында жалағаштық Қуаныш Нұрлан көш бастаса, аралдық Расул Кеулімжаев пен Батыржан Балтабекұлы қалған орындарды еншіледі.
Жарыс барысында 2007 мен 2008 жылғылар бойынша 60 келіде өнер көрсеткен Жалағаш ауданының спортшысы Әзиз Ербол І орынды, қармақшылықтар Біржан Ермахан мен Еркебұлан Кәжденбек ІІ және ІІІ орын иесі атанды. 2006 жылғылар бойынша 65 келіден жоғары салмақтағылар арасында жалағаштық өрен Нұрислам Орынбасар көш басынан орын алса, аралдық Мағжан Иса мен шиелілік Дарын Қыдырәлі қалған олжалы орындарға көтерілді.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
01 қараша 2022 ж. 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031