» » САЙЫПҚЫРАНДАР САЙЫСЫ

САЙЫПҚЫРАНДАР САЙЫСЫ

Жуырда Үсен Томанов атындағы №183 мектеп және Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептерде Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында спорттың 9 түрінен дәстүрлі ХХІІ спартакиада жалауын желбіретті.


Жарысқа Жосалы кенті орталығындағы және Қармақшы ауылындағы №113 орта мектептен 200-ге жуық команда қатысып, олар волейбол, баскетбол, дойбы, тоғызқұмалақ, қол күресі, гір тасын көтеру, АК автоматын шашып, қайта жинау, АК автоматының оқ магазинін шашып, қайта жинау және мылтық ату жарысы бойынша тартысты.
Жарыстың ашылу салтанатында аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаев, ауған соғысының ардагері Әбутәліп Жалмағамбетов, №183 орта мектептің директоры Алтынша Кенжеева қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысымен бас­­кетболдан қыздар арасында І орынды №250 мектеп-лицей, ІІ орынды №121 мектеп, ІІІ орынды №105 мектеп-лицейі жеңіп алса, ұлдар арасында өткен жарыста №250 мектеп-лицейі жеңімпаз атанды, ал №26 мектеп пен №105 мектеп-лицей құрамалары жүлделі ІІ және ІІІ орындарға көтерілді. Сонымен бірге, волейболдан қыздар және ұлдар арасында өткен жарыс нәтижесімен №26 мектеп құрамасы І орынды иеленсе, №113 орта мектеп (қыздар) және №30 орта мектеп (ұлдар) ІІ орынға, сонымен бірге №250 мектеп-лицей командасы жүлделі ІІІ орынға тұрақтады. Ал, гір тасын көтеруде №27 мектеп білектілері жасындай жарқырап, бас жүлдеге ие болса, одан кейінгі орындарды №183 және №26 мектеп құрамалары иеленді. Қол күресі жарысында №30 орта мектеп сайып­қырандары жеңімпаз атанса, №26 және №27 мектеп командалары қалған жүлделі орындарды өзара бөлісті.
Сондай-ақ, дойбы жарысында №113 мектеп дойбышылары өзгелерге үлгілі ойын өрнегін көрсетіп, бас жүлдені иемденсе, №30 мектеп пен №250 мектеп-лицей спортшылары ІІ-ІІІ орын иесі атанды. Мылтық ату, АК автоматын шашып, қайта жинау және АК автоматының оқжатарын шашып, қайта жинау сайысында №183, №27, №30 және №26 мектептің жас мергендері өзге қоманда спортшыларынан дараланып, жүлдегер атанса, жалпы командалық есеп бойынша №30 орта мектеп құрамасы спартакиада жеңімпазы атанды, ал ІІ орынға №26, ІІІ орынға №250 мектеп-лицей көтерілді. Жарыс соңында спартакиада жүлдегерлері арнайы дипломдармен және кубоктармен марапатталды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
13 ақпан 2019 ж. 1 636 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 814

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930