» » Күш атасын танымас

Күш атасын танымас

Жуырда Өзбекстанның Ташкент қаласында гір көтеру спортынан жастар және ардагерлер арасында өткен Азия чемпионатында жерлесіміз жеңіспен оралып, аудан мерейін үстем етті. Ол 45-49 жас аралық бойынша ардагерлер арасында өнер көрсеткен – Тілеуімбет Айтбаев алтынға қол жеткізіп, Венгрияның Будапешт қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

Әртүрлі салмақта ұйымдастырылған жарысқа 17 мемлекеттен спортшылар қатысса, Қазақстанның намысын қорғауға облыс құрамасында болған спортшымыз өзінің мықтылығын осымен екінші мәрте дәлелдеді. Ол жұлқа көтеруден 24 келі гір тасын 90 рет көтерген.
– Гір көтеру – циклдық спорт түрі. Та ғайындалған уақыт ішінде түрегеп тұрып барынша гірді көп көтеру керек. Яғни кеудеден жоғары қарай көтеріп, қайтадан кеудеге түсіру. Бұл өте шыдамдылықты талап етеді. Менің салмағымда 7 спортшы бақ сынас ты. Соның ішінде қазақ, қырғыз және өзбек жі гіттері қалмай мәреге дейін мықтылық көр сетті. Берілген 10 минут уақыт ішінде 90 рет көтеріп, жеңіске жеттім, – дейді ол.
Спортшымыз ІІІ Интернационал ауы лының тумасы. Қазіргі таңда №108 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Ол гір көтерумен 2010 жылдан бері айналысып келеді. Бұдан бұрын күрес спортына қатысып, әскерде жүргенде ішкі жауынгерлік самбодан І орын алған. «Кейін келе гір спортына ауыстым» дейді ол сөз арасында. Бұл спорттың бір ерекшелігі басқа спорт секілді белгілі бір жаста тоқтап қалмайды. Бойыңда күшің болып 70-80 жасқа келсең де қатыса аласың.
Алдағы күзде болатын әлем чемпионатына Тілеуімбет дайындығын бастап та кеткен. Үй жайында күнделікті жаттығуын жасап, ауылды айналып жүгіретінін жасырмады.
– Жақында Сырдария ауданында өткен іріктеуде өз салмағым бойынша І орын алдым. Енді маусым айында Шучинск қаласына дайындыққа барамыз. Оған дейін де ауылда дайындығымды үзбей үй жағдайында жаттығу жасаудамын. Егер ардагерлер арасында әлем чемпионатында жеңімпаз атанса, оған халықаралық спорт шебері дәрежесін береді. Ал екі рет Азия чемпионатын жеңгендерге де дәл осы дәреже қарастырылған. Кешегі Ташкентте өткен жарыста мен екінші рет Азияны алдым. Енді халықаралық спорт шебері дәрежесін алуға құжат дайындап жатырмын, – дейді ол.
Тілеуімбет Айтбаевтың үкілеген шәкірті баршылық. Ішінде нәзікжандылары да бар. Бүгінде олар облыста өткен халықаралық жарыстың жүлдегерлері. Ал артынан ерген 4 баласы да әке жолынан алыс емес. Екі ұлы гір көтеруден облыстың чемпионы болса, егіз қызының бірі ауылда өткен «Біз таланттыларды іздейміз» байқауында 8 келі гір тасын 180 рет көтеріп, І орынды жеңіп алған. Балаларының осындай жетістігімен қуанған кейіпкеріміз, бүгінде жастардың гір спортына деген қызығушылық деңгейі жоғары екенін айтады.

Ерсін СӘДУҰЛЫ


23 мамыр 2021 ж. 1 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 208

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930