» » Қол күрестен қола жүлде

Қол күрестен қола жүлде

Спорттан асығымыз алшысынан түскелі жағымды жаңалықтардың қатары көбеюде. Жуырда Алматы облысы, Талғар ауданында қол күрестен жасөспірімдер мен жас жеткіншектер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлестеріміз сәтті өнер көрсетіп, аудан мерейін үстем етті. Олар 50 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан Нұрасыл Төленді мен 65 келі салмақта күрескен Аслан Әділбеков қола жүлдеге қол жеткізіп, Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Атаулы чемпионатқа Қазақстан­ның барлық облысынан 800-ге жуық спортшы қатысқан. Қызылорда облысының намысын қорғауға 14 спортшы барса, оның 7-еуі ауданымыздан іріктелген.
– Кешегі жарыста спортшылардың белсенділігі мен қатты дайындығы анық байқалды. Олай дейтінім бір жыл карантинде әбден шыныққандары көрініп тұр. Менің спортшыларым да осал болған жоқ. Физикалық тұрғыдан мықты болды. Тек тәжірибе жетіспеді. Себебі оқушыларымның мұндай үлкен жарысқа бірінші рет шығуы. Шешуші кезеңде екі спортшым өз салмақ дәрежесі бойынша оң және сол қолмен күресуден ұпай жинап, қолаға қол жеткізді. Әрине бастапқы жеңісіміз жаман емес. Ең бастысы – ел үмітін ақтау. Алдағы уақытта өтетін Азия чемпионатында бұдан да жоғары орыннан көрінеміз деп спортшыларыма сенім білдіремін, – дейді жаттықтырушы Талғат.
Аталған спорт бойынша қола жүлдегер Аслан Әділбеков 2019 жылдан бері қол күресімен айналысып келеді. Ол О.Шораяқұлы атындағы №30 мектептің 9 сынып оқушысы. Ал Нұрасыл Төленді Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы. Болашақта екі спортшының қол күрестен әлемге танымал Қыдырғали Оңғарбаев, Олег Жох секілді чемпион болсам деген арманы бар. Кешегі өткен жарыста қарсыластарына есе жібермей мәреге дейін күш сынасқан.
– Бұл алғашқы жарысым болғаннан кейін кішкене қобалжу болды. Бірақ жеңіске деген құлшынысым да өрге жетелегендей. Жаттықтырушымның да қолдауы бізді қанаттандырды десем артық айтпаймын. Өйткені ол кісі әр жаттығу сайын жеңілістің артында түбі жеңіс барын айтып отырады, – дейді жас спортшы Аслан.
Талғат Қанаев бүгінде қос тарланынан үмітті. Себебі екі спортшының қол күресте күш сынасуы ерекше екенін айтады. Нұрасыл физикалық тұрғыдан шыңдалса, Аслан жоғары салмаққа дейін күш сынаса алады дейді ол.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
03 сәуір 2021 ж. 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031