» » КІЛ МЫҚТЫ ДА ШЫН МЫҚТЫ, ШАРШЫ ТОПТА АНЫҚТАЛАДЫ

КІЛ МЫҚТЫ ДА ШЫН МЫҚТЫ, ШАРШЫ ТОПТА АНЫҚТАЛАДЫ

Қуаныш Қаражанұлы есімі  білікті жаттықтырушы ретінде аудан халқына жақсы таныс. Оның шәкірттері полицейлер арасында Әлем, Азия чемпионатында, түрлі деңгейдегі халықаралық турнирде ел мерейін асқақтатты. ҚР Спорт және халықаралық дәрежедегі шеберлерді дайындады.  Жосалы кентінің орталығындағы дене шынықтыру және спорт кешенінде салаға еңбегі сіңген азаматтың жүлдесіне арналып жыл сайын бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтеді. Бұл – ардагер спортшының еңбегіне берілген үлкен құрмет.
Бірнеше күнге созылған байрақты бәсекеде Атырау, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Маңғыстау, Түркістан мен Қызылорда облысынан 15 команда, 300-ге жуық спортшы бақ сынады.
Айтулы жарысқа 2004-2005 және 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер, былғары қолғап шеберлері сынға түсті. Төрт күн бойы төрешілер жас спортшылардың деңгейін бақылады. Турнирге аудан спортшылары да белсенді қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді.
2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында 28 кг салмақ дәрежесінде Нұрасыл Мейрамбекұлы III орын  ( №250 мектеп-лицей), Аян Ерланұлы II орын,  32 кг салмақ дәрежесінде Мағжан Қуанышбек III орын (№250 мектеп-лицей), Нұрперзент Назымбетов I орын, 34 кг салмақта Ерасыл Әбдірахманов I орын, 36 кг салмақ дәрежесінде Бейбарыс Базарбаев III орын,  Қанат Жансеріков I орынды иеленді. 
40 кг салмақ дәрежесінде Әділжан Асқаров III орын, 42 кг салмақта Ильяс Төлегенов II орын (№15 спорт мектебі), 48 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Абдулхамит Жеткерген I орын (№250 мектеп-лицей), 50 кг салмақта сыналған Мирас Қорғанбек I орын, 52 кг салмақ дәрежесінде Ердәулет Маратұлы өнер көрсетіп III орынды бағындырды. 
2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында 42 кг салмақ дәрежесінде II орынды  Айдын Наурызбекұлы, 44 кг салмақта III орынды Арсен Болатов (№250 мектеп-лицей), II орынды Бейбарыс Ефенов, 46 кг салмақ дәрежесінде Жансерік Қосжанов III орынды олжаласа,  48 кг салмақ дәрежесінде топқа түскен  III орынды Әділ Жайшылықов, Нұрасыл Исаев II орынды, Досымжан Мұратов I орынды қанағат тұтты. 52 кг салмақ дәрежесінде Алпамыс Пірманов II орын, 54 кг салмақта Айбек Ақметбеков III орын, Абдулхафиз Жеткерген (№250 мектеп-лицей), Өркен Нағашыбаев II орын, 57 кг салмақта Арман Сансызбайұлы III орын, Шерхан Жеткерген II орын (№15 спорт мектебі), 75 кг салмақ  дәрежесінде Расул Қуанышбаев III орын (№250 мектеп-лицей), Нұрдәулет Өмірбекұлы II орын, +80 кг салмақ дәрежесінде Асылхан Аманжолов I орынды жеңіп алды. Көптің арасынан ерекше талантымен көзге түскен Бейбарыс Ефенов «Жеңіске деген құштарлығы үшін», Азамат Құсайынов (Алматы облысы) «Үздік өнер көрсеткені үшін» номинациясымен марапатталды.
Боксшыларымыздың халықаралық аренада мерейі әркез үстем. Былғары қолғап шеберлері – әр жеңісті төккен тердің жемісі,  ал, бапкерлер бейнеттің зейнеті санайды. Ауданда өткен республикалық турнирге қатысушылар жекпе-жекте батылдық пен жеңіске деген ұмтылысты анық ұқтырды. Сондай-ақ олардың бокстың шеберлігі мен тәсілін меңгеруге талпынғаны байқалды.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
24 мамыр 2019 ж. 1 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031