» » Алматыға жолдама алды

Алматыға жолдама алды


ЖОСАЛЫ, 21 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Ежелден өзінің тарихын жоғалтпай сақтап келген ұлттық спорт түрлері бар. Соның бірі – қол күрес. Оның әлем елдерінде де өзіндік атауы мен ережесі сақталған. Қол күрес «армрестлинг» деген атаумен дүниежүзіне танымал. Бұл спорт түріне ауыр атлетикамен айналысатын спортшылар бейім келеді.
   Жексенбі күні спорт клубында 2005 және 2002-2004 жылғы жас жеткіншектер мен жасөспірім арасында қол күрестен облыс біріншілігі өтті. Жарысқа қатысушылар орташа және жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Жаттықтырушы Талғат Қанаев дайындаған «Қармақшы» құрамасы сайыста алдыңғы қатардан көрініп, шәкірттері білек күшінен жеңімпаз атанды. Жарыс қорытындысы бойынша 2005 жылғы жас жеткіншектерден Нұрасыл Түлендиев – 40, Диас Амангелдиев – 55, Аслан Әділбеков – 60, Ислам Есетов – 65 келі салмақта І орынды жеңіп алса, 50 келі салмақта Ғалымжан Жанабаев ІІ орынды иеленді. Ал Алихан Алтаев 45 келі салмақта ІІІ орынды қанағат тұтты.
    2002-2004 жылғы жасөспірімдер бойынша Аян Бақтыбаев – 50, Нұрбек Боранбаев – 60, Рашид Әділбеков – 65 келі салмақпен І орынға көтерілсе, Құдайберген Мырзашұлы – 50, Рамазан Сламбеков – 55, Ғазиз Мырзабаев – 60 келі салмақта ІІ орынға табан тіреді.
Ересектер арасында жоғары салмақта сынға түскен 75 келілік Еркін Сәрсенов пен 80 келі Уәлихан Науанов ІІ орынды иеленсе, Ақниет Қуанышбаев – 60, Роман Швец – 85 және Бауыржан Бекжанов – 100 келі салмақта І орынды қанжығаға байлады.
Осы облыстық іріктеуден өткен жеңімпаздар одан әрі Алматыда өтетін чемпионатқа қатысады.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
21 қаңтар 2020 ж. 1 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 280

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 375

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930