» » Татами төрінде жас дзюдошылар

Татами төрінде жас дзюдошылар

qarmaqshy-tany.kz Жақында аудандық денешынықтыру және сауықтыру кешенінде дзюдодан жасөспірімдер арасында Әсет Сүлейменовті еске алуға арналған облыстық ашық жарыс өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, өңірімізде спорт саласын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарға, жерлестеріміздің спорттың әр түрі бойынша түрлі деңгейдегі дүбірлі жарыстарда қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, аудан тұрғындары, оның ішінде жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, оларды спортқа баулу мақсатында салынып жатқан спорт кешендерінің жуырда пайдалануға берілетінін айта келе жас татами шеберлеріне сәттілік тіледі.

Әсет Сүлейменов 1969 жылы дүниеге келген. Ол өзінің қайсарлығы мен дарындылығының арқасында көптеген республикалық бәсекелерде жүлделі орыннан көрініп, «КСРО спорт шеберіне үміткер» спорттық атағына ие болған. 1986 жылы еңбек жолын аудандық спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған ол кейіннен ішкі істер органдарында абыройлы қызмет етті.

Дүбірлі жарысқа Түркістан облысынан, Арыс, Қызылорда, Байқоңыр қаласы мен аймағымыздың барлық ауданынан 200-ден аса жас татами шеберлері қатысып, олар өзара бақ сынасты.

Атап айтқанда, 38 келі салмақта Нұрым Сайлау, 42 келіде Дінмұхаммед Жексенбай, 46 келіде Аңсар Қуантай, 50 келіде Нұрымжан Мұратов, 55 келіде Арқар Бақытжан, 60 келіде Диас Базарбай жеңімпаз атанса, 66 келіде Қажымұқан Байзақ, 73 келіде Бекарыс Ерғалиев және 73 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Мейіржан Аманкелді І орынды жеңіп алып, абыройға бөленді.

Жарыс соңында әр салмақ дәрежесі бойынша анықталған жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен мадақталып, сый-құрметке бөленді.

Азия чемпионатынан қос қола
Жуырда Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкекте гір тасын көтеруден жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.

Онда Азияның барлық мемлекетінен әр салмақ дәрежелері бойынша үздік деп танылған спортшылар құрлық біріншілігінің медалін сарапқа салды.

Байрақты жарыста біздің де жерлестеріміз өз салмақтары бойынша бақ сынасып, нәтижесінде аудандық №16 балалар, жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Бекмұрат Нысанбаевтың үкілеген шәкірттері, қуандариялық Саят Әміртай 68 келі салмақ дәрежесінде, ал Әділет Қалжанов 63 келі салмақ бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері атанып, аудан абыройын асқақтатты.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
12 мамыр 2023 ж. 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10344)

05 қазан 2024 ж.

№78 (10343)

01 қазан 2024 ж.

№77 (10342)

28 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 181

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031