» » Дзюдодан ІІ республикалық дәстүрлі жарыс

Дзюдодан ІІ республикалық дәстүрлі жарыс

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудан орталығындағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінде білікті сала маманы, халыкаралық дәрежедегі төреші Ғалым Ержанов басшылық ететін 16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен, ІІІ Интернационал ауылындағы ауылшаруашылығы саласының білікті маманы Бекир Нәбиев басқаратын "Достық Жер МК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүлдесін сарапқа салуда дзюдодан 2010-2011-2012-2013 және 2014-2015 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ІІ республикалық дәстүрлі жарыстың алғашқы күні өтуде.
 Еліміздің әр аймағынан өз салмақ дәрежелері бойынша мықты деп танылған, яғни Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Түркістан, Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарынан, Астана, Алматы, Ақтөбе, Жаңаөзен, Шымкент, Орал және Қызылорда қалаларымен бірге Сырдария, Жалағаш, сонымен қатар ауданымыздың 15,16 және Жалын спорт клубынан 835 жас татами шеберлері қатысқан жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, "Достык Жер МК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Ерболат Әбенов ауданда спорт саласы бойынша атқарылып жатқан іргелі істер жайына тоқталды. Атап айтқанда биыл аудан орталығы Жосалы кенті мен Ақай ауылында  өңірімізде спорт саласын, бұқаралық спортты дамыту, тұрғындар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында денешынықтыру және спорт кешендері салынып жатқанын және ауданда бірнеше балалар ойыны мен спорт алаңдары салынып, ел игілігіне пайдалануға берілгенін баяндады. Сонымен қатар, жас татами шеберлерін киелі Қармакшы елінде өтіп жатқан спорттық мерекемен құттықтап, өнерлеріне сәттілік тіледі.
Сонымен, көрермендер асыға күткен жарыс та басталып, татамиге шыққан жас дзюдошылар өзара белдесу өткізіп, тартысты да қызықты сәттерімен көрермендерге тамаша спорттық мереке сыйлады.
Жарыс ертең аяқталады.
25 қараша 2022 ж. 842 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 401
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930