» » ЖАС ШАРШЫ АЛАҢ ШЕБЕРЛЕРІ ЖАРЫСЫ

ЖАС ШАРШЫ АЛАҢ ШЕБЕРЛЕРІ ЖАРЫСЫ

Аудандық денешынықтыру және сауықтыру кешенінде бокстан 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында еліміздің денешынықтыру және спорт саласына сіңірген елеулі еңбегі үшін «Құрмет белгісі» медалінің иегері атанған жерлесіміз Қуаныш Қаражанов атындағы жүлдені сарапқа салуға арналған VIII республикалық жарыс басталды.
Жарысқа Алматы облысы және Қызылорда, Байқоңыр қалаларымен бірге аймағымыздың барлық өңірінен келген12 командадан 130-ға жуық жас былғары қолғап шеберлері қатысуда.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Мәжит Сәмитов пен «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген Құрметті спорт қайраткері» төсбелігісінің иегері Еркін Атабаевтар құттықтау сөз сөйлеп, жас шаршы алаң шеберлеріне сәттілік тіледі.
Міне, көрермендер асыға күткен жарыс та басталып, 30 келі салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңға шыққан қармақшылық Нұрперзент Назымбетов шиелілік қарсыласы Нұрәлі Аманжоловты 3 раунд бойынша өзінің ұтымды әдістері арқылы көп ұпай жинап, жеңімпаз атанса, 32 келі салмақта жұдырықтасқан сырдариялық Алтынжан Жанғабылов қармақшылық қарсыласы Серік Бердібековке есе жіберді. Одан әрі сол салмақта өнер көрсеткен қос қармақшылық Мақсат Қуанышбек пен Данияр Иманзада арасындағы кездесуде өзінің тапқырлық тәсілдерімен көрермен көзайымы атанған Мақсат жеңіске жетсе, келесі кезекте жас та болса тартысты жұдырықтасу өнерін көрсеткен шағындық жас боксшы Мардан Бағдатұлы мен ақайлық Асхат Жарылқасынов арасындағы кездесуде Асхат қарсыласын ұпай санымен жеңді.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.
10 мамыр 2018 ж. 1 423 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 254

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 354

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930