» » Партия бұқаралық спортты насихаттады

Партия бұқаралық спортты насихаттады

qarmaqshy-tany.kz Бүгінде сапалы ұлт қалыптастыру үшін азаматтарды спортпен шұғылдануға баулу – аса маңызды міндеттің бірі. Бұл ретте бұқаралық спортты дамыту деңгейін көтеру өзекті. Сондықтан оны дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуы тиіс.
Сәрсенбіде аудандағы «AMANAT» партиясы филиалының ұйымдастырумен бұқаралық спортты насихаттау мақсатында және «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында бастауыш партия ұйымдары арасында спорт түрлерінен сайыс өтті. Іс-шараның ашылу салтанаты орталық стадионда болып, оған аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, партия ардагері Гүлжауһар Раева және ауданның бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шараны ашуға аудандық партия филиалының төрағасы, аудандағы футбол федерациясының президенті Әділ Үсенұлына сөз беріліп, ол сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– «AMANAT» партиясы бұқаралық спортты дамыту үшін өрісті жоспарлар жасақтауда. Себебі партияның көздегені – ұлттың саулығы, халықтың амандығы. Ал халықтың денсаулығы мығым болуы үшін бұқаралық спортты дамыту аса маңызды. Ауданымызда он сегіз бастауыш партия ұйымдары болса, солардың басын біріктіріп шағын футбол, үстел теннисі және шахматтан бастапқы сайысты өткізіп отырмыз. Алдағы уақытта мұндай іс-шара дәстүрлі болмақ. Қыс айында да мемлекеттің қолдауымен, партияның ұсынысымен ауданда салынып іске қосылған спорт кешенінде түрлі жарыстар ұйымдастырылатын болады деп сенім білдіремін. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, спортта жеңістеріңіз көп болсын, – деді ол.

Алдымен орталық стадионда футболдан 14 команда кездесу өткізді. Футбол десе ішкен асын жерге қоятын спортшылар ойынның көркін қыздырып, жеңіс жолында аянып қалмады. Ал аудандағы денешынықтыру - сауықтыру кешенінде үстел теннисінен 9 команда бақ сынасса, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ауданның белсенді ардагерлері шахматтан өзара жарысты. Логикалық ойлау қабілетінің дамуына зор ықпал ететін шахмат ойынында ардагерлер шыдамдылық танытып, есеппен жүріп отырды.

Нәтижесінде шахматтан жүлделі ІІІ орынды – Оңалбай Бодыбаев алса, ІІ орынға – Әділ Ертаев жайғасты. Ал І орынды – 90 жастағы ардагер Әбдібек Лақбаев иеленді. Үстел теннисі бойынша ІІІ орынды – «ІІІ Интернационал» БПҰ, ІІ орынды – «Қараөзек» БПҰ, І орынды – «Аудандық емхана» БПҰ жеңіп алды.

Ал шағын футболдан жүлделі ІІІ орынға – «Жасталап» БПҰ командасы жайғасса, ІІ орынды – «Жаңажол» БПҰ командасы, І орынды – «Томанов» БПҰ командасы иеленді. Барлық марапат иелеріне партияның атынан Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
15 шілде 2023 ж. 397 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031