» » Ақерке – үздік ойыншы

Ақерке – үздік ойыншы

qarmaqshy-tany.kz Жалағаш кентінде 2006-2007 жылдары туған жасөспірім қыздар арасында қол добынан облыс біріншілігі өтті. Аймағымыздың барлық өңірінің қол добы шеберлері құрама командасымен бірге облыс біріншілігінің жүлдесін сарапқа салған жарыста жүлдегер командалар анықталды.
Сонымен қатар, жарыста өздерінің үздік ойынымен көрермен көзайымы атанған үздік ойыншылар да түрлі номинациялармен марапатталды. Олардың қатарында біздің де жерлесіміз, №16 аудандық балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушылары Жасұлан Сарбасов пен Сұлтан Сақтағановтың шәкірті, аудан құрамасының мүшесі Ақерке Ібіраш көрермен көзайымы атанып, «Үздік сол қапталдағы жартылай қорғаушы» номинациясына ие болды.

Нұрбай Жанәділов
11 сәуір 2023 ж. 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 268
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 425

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30